На главную 
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Дистанционное обучение
12-летнее образование
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
Конкурсы. Авторские проекты. Творческие работы
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Этно- и поликультурное образование
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки
Заметки натуралиста


Каталог интернет-ресурсов СКО+

catalog.Azion.kz



Каталог на Azion.kz


Лента RSS
Поиск

» Главная » РИЦ «Логос СКО» » Сборник сочинений победителей конкурса «Моя страна — мой Казахстан!»

Атаманов Қ. Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат Петропавл қаласы

Атаманов Қанат Атаманов Қанат /11 сынып/
Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық
дарынды балаларға мамандандырылған
гимназия-интернат Петропавл қаласы
Жаса, жаса Қазақстан — ұлы елім,
Өзіңменен бірге соққан жүрегім.
Ертегідей қала салған Елбасы,
Қайда жүрсем, саулығыңды тіледім.
Т. Қабанбайұлы

Ел дегенде, ойыма туған ата — анам түседі. Мен кезінде ата-анамды қалай сүйсем, (өкінішке орай, екеуі де өмірден ерте кетті) туған елімді де солай сүйемін. Себебі Отанымның отбасынан басталатынына алған тәрбием куә.

Елін жан-тәнімен сүйген анам: «Қанатжан, туған еліңді сүйгенің — халқыңды сүйгенің. Ата-ана мен туған еліңді бөле-жара қарауға болмайды», — деп айтып отырушы еді.

Осы сөздер мектепте жүргенде де құлаққа сіңеді.

Бүгінгі ұрпақ «Менің Қазақстаным» деген сөзді кеуде кере, зор мақтанышпен айтады. Туған елдің арқасында бақытты ұрпақ атандық. Бақытымыздың бастауы — кемел еліміз Қазақстан.

    «О, туған ел, қасиетті топырағың,
    Сендік махаббатымның оты — жалын
    Сені қалай сүюдің керектігін,
    Мен ешқашан кітаптан оқымадым», — деп Фариза ақын айтқандай, туған елге деген сүйіспеншілік сезімі әке қанымен берілетінін бәріміз де жете түсінеміз.

Еліміз тәуелсіздік тойын тойлаған кезде, мен төрт жасар сәби екем.

Кейін мектепке бардым. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын, естіп, біліп, ұққаным — туған елім Қазақстанның нұрлы да жарқын өмірінің күн санап сән-салтанат құруы. Өмірдің сан алуан бағыт-бағдарында елімде болып жатқан өрге басушылықты түсінем де, сезінем де…

Әрине, біз бұл заманға кездейсоқ келген жоқпыз. Ата-бабаларымыз, аға,апаларымыз осы бақытты өмір үшін аянбай, қан мен тер төгіп, күш-жігерлерін сарыққаны сөзсіз.

Еліміздің бүгінгі тамаша өмірін мақтан ете отырып: «Сан-саналы өміріміздің нәрі-халықтың ынтымағында, бірлігінде,бейбіт өмірінде»,- деп ойлаймын. Біздің еліміз — қазақ халқы және жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы жарасып отырған мемлекет. Елімізде өзге мемлекеттер қызыға қарайтын береке, тыныштықтың болуы — өзара достық қатынастың жемісі. Қазақстан Конституциясында атап көрсеткендей, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануына құқығы бар: қай ұлт өкілдерінің де өз тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуға жан-жақты жағдай жасалған.

Сондықтан да республика халқының көңілі көтеріңкі, тұрмысы жақсы.

Соңғы жылдары Қазақстан ТМД көлемінде демократиялық оң өзгерістер жүргізуде алдыңғы орынға шықты. Бұл неге қуантпасын бізді?

Сондықтан елімнің бақытты аспанында көк Байрағымыздың жылы шуағын шашып, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз жарқырап тұрғанын кім қаламайды? Кім одан шапағат алмайды?

Бақыт та, байлық та еліміздің нұрлы да жарқын өмірінің негізгі нәрі — халқымыздың рухани достығында, — деп білемін.

Сөзім құрғақ болмау үшін, мынадай мысал келтірейін.

Жазғы демалыста жолым түсіп, елордамыз Астанада болдым. Не деген ғанибет қала! Тура ертегі дерсің. Астананы көру — арманым еді.

Нағашы апамның көршісі Мехмет деген ұйғыр екен. Оның менімен жасы шамалас баласы Марат екеуіміз тез танысып, достасып кеттік. Ол маған ғаламат қала Астананы аралатты. Сонда менің ойыма ақын Несіпбек Айтовтың:

    Жасыл желек оранған,
    Әрбір көшең — көк орман.
    Сенде түлеп, сенде өскен,
    Жас ұрпақта жоқ арман, — деген өлең жолдары еріксіз оралды.

Берекеге бастаған алтын орда, Астана, жаса, өркендей бер, бақыт нұрына бөлене бер!-деген тілекте болдым кеткенше.

Мараттың әкесі Мехмет өте әңгімешіл кісі екен. Кешке таман бір әңгімесінде ол кісі маған:

— Балам, біз, Қазақстан ұйғырлары, бақыттымыз. Басқа елдердегідей қоқан-лоқы көріп отырған жоқпыз. Ұлы Отан соғысы кезінде біз Қазақстанға жер ауып келдік. Біздің арғы аталарымыз Кавказ аймағында тұрған. Қазақ жеріне келгенімізге кейін қатты қуандық. Қазақтар біздің адамдарды аштықтан, суықтан аман сақтап қалды. Барын аузымызға тосты. Бұны ешқашан ұмытуға болмайды. Бүгінгі күні: «Отанымыз Қазақстан», — дейміз. Туыстық пен бауырмалдықтан басқа жамандық көргеніміз жоқ. Құдай бізді ұлт араздығынан сақтасын. Бақытты тұрмысымыз — еліміздегі тұрақты ұлттар арасындағы достықтың игі нәтижесі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ынтымақшыл, кең пейіл саясатына шексіз ризамын. Сендер де осы дәстүрді ілгері дамытуға тиістісіңдер, — деді.

Марат екеуіміз құп алғандай, бір-бірімізге күлімсірей қарастық… Бұл әңгіме маған үлкен ой салды. Маратпен бүгінде хабарласып тұрамын. Арманым болған Астанада мүмкіндік болған кезде, әлі талай бірге жүрерміз.

Қазақстан тәуелсіздігін алып, Ресеймен достығымыз нығайып, қатынасымыз жақындай түскені мені қатты қуантады. Ресейде өткен Қазақстан жылы, Қазақстанда өткен Ресей жылы «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған» достықты көз алдыма әкеледі.

Мен 9-сыныпта оқып жүргенде, теледидардан Қазақстанның эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваның Мәскеуде өткен концертін көрдім. Қазақ өнеріне деген құрмет! Құрметпен қоса құштарлық! Залдағылардың әншіге көрсеткен құрметін көрсеңіз! Концерттен кейін де Мәскеу халқы журналистерге Роза жайында, қазақ өнері жайында пікірлерін айтып, қазақ халқына деген көңіл қошеметтерін білдіріп жатты…

Роза Рымбаеваға құрмет — қазақ еліне құрмет. Концерт егіз қозыдай болып кеткен екі халықтың мәңгілік достығы екенін түсіндім.

2004 жыл — «Ресейдегі Қазақстан жылы» болып белгіленді. Екі елдің арасындағы ұлы достықтың айғағы болып табылатын Омбы қаласында қазақтың бірінші ғалым перзенті Шоқан Уөәлихановқа ескерткіш ашылды. Бұл мәдени мұраны омбылықтарға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі сыйлаған болатын. Біздің облыс әкімі бастаған бір топ делегация осы ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысып қайтты.

Биылғы ақпан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің өңірге іссапармен келгенінде Қазақстан Конституциясы көшесінде Шоқан Уәлиханов пен орыстың зерделі жазушысы Федор Достоевскийге арналған барельефті салтанатты түрде ашты. Осы екі адамның ұлы достығы ақпанның қатты аязын жібітіп жібергендей болды. Аттары аңызға айналған ел перзенттерінің ұлы достығы екі елдің достық символы іспеттес көрінеді маған.

2006 жыл Мәскеуде «Абай жылы», Қазақстанда «Пушкин жылы» деп жарияланып отыр. Облыс әкімі Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров жаз айында арнайы делегациямен Мәскеуде іссапарда болып қайтты. Осы сапардан аймақ басшысы Мәскеуде Абайға арналған ескерткіш ашылатындығы туралы қуанышты хабар әкелді. Бұл екі елдің ұлы ақындарының шығармашылығына деген зор құрмет екені белгілі, оның ар жағында екі халықтың ажырамас, рухани достығы жатқан жоқ па?

    Даламыздай көңіліміз кең бәріне,
    Ресейдің айналғанбыз әніне,
    Жақсылықты баса айтпасақ осылай,
    Құр бекерге лепірудің мәні не?
    Орыс — қазақ тамыр болған ежелден,
    Кімдер қашсын, қазақтайын ер елден.
    Достығымыз ғасырларға жалғассын,
    Ресей бауыр, шарықтай бер кемелден, — деген ақын жырлары ойымды дәл басары даусыз.

Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы — мемлекеттік тілдің қанат жаюы. Ана тілін сүймейтін адам жоқ. Қай ұлтты алсаң да, оның ешқайсысы өз тіліне ешбір тілді теңгермейді. Шамасы, туған еліңді, атамекеніңді, ана тіліңді құрмет тұтудан басталса керек.

Ендеше, Отанды сүйер патриоттың, нағыз ана тілін шексіз сүйіп, қастерлеуі- басты парызы. Әсіресе, өзге ұлт өкілдерінің біздің ана тілімізге құрметпен қарауы мені ерекше тебірентеді.

Солтүстік Қазақстан университетінің жанындағы Тіл және әдебиет институтының филология факультетіне басқа ұлт өкілдерінің он қызы түскенін естіп, іштей риза болдым. Оларға облыс әкімі Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров ерекше назар аударып, гранттар бөліп, арнайы стипендия тағайындап, қамқорлық көрсеткен екен. Соның бірі-Юлия Маркова тілшіге газет бетінде былай дейді: «Әкем: — Қызым, біз Қазақстанда туып-өстік. Осы елдің азаматымыз. Сондықтан мемлекеттік тілді білу-парызымыз. Қазақ тілін жақсылап оқы!»- деп үнемі айтып отыратын. «Әкемнің сөздері санама қатты әсер етті. Кейін оқуымды бітірсем, аудармашы болғым келеді», — дейді.

Немесе жуырда ғана өткен облыстық «Жігіт сұлтаны» сайысының жүлдегері, менің жерлесім Сергей Ершов қалай қазақша сөйлеп тұр! «Түрі басқа- тілегі бір», — деген осы.

Юлия мен Сергейді мысалға келтіре отыра:

    Азамат, тіліңді күт, мәпелегін,
    Ұмытпа, ата-ана, әке үнін.
    Кезінде мән бермеген үлкендердің,
    Келешек кешірмейді қателігін, — деп, академик ағамыз Өмірзақ Айтбаев айтқандай, кей кезде тіл құдіреті адамды неше алуан толғанысқа салады екен. Өйткені, туған тілің болмаса, тірегің жоқ, тірегің жоқ болса, тілегің де жоқ.

Менің елім Қазақстанда тәуелсіздікпен қатар аталатын қадірлі де қастерлі бір тарихи тұлға бар. Ол — Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

«Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда, Көрінді көш алдында дара тұлғаң», — деп ақын айтқандай, мен кейде Қазақстанды алып кеме, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты оның капитаны сияқты елестетем. Елін сүйген, елі сүйген Президентім менің!

Әлемнің әйгілі саясаткерлері, экономист ғалымдары Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі даму қарқынын негізінен жоғары бағалайды, өйткені оның басы-қасында үнемі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлы тұлға тұрады. Шындықтай қарапайым, елжанды Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 84 жастағы Бейбіғайша деген әже немересіне хат жаздырыпты: «Аса құрметті Нұрсұлтан балам!»

Сіз патша болғаннан бастап, сізге тілекшімін. Ұшақпен ұшқанда көріп отырамын. Садақа айтамын. Оны мешітке апарып саламын.

Сіз қазақты барлық жерге таныттыңыз. Оған төбеміз көкке жетуге аз-ақ қалып отырады.

Еліміз жақсы елдердің қатарына қосылып, мерейіміз өсуде. Бастарыңнан бақтарың кетпесін, астарыңнан тақтарың кетпесін«,-деп, хат аяғында бата беріпті. Қарияның Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ризашылық көңілі бүкіл қазақстандықтардың бір жерден шыққан ақ тілегіндей.

Осындай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында бүгінгі күні Қазақстан — еңселі Қазақстан, мәртебесі биік, шоқтығы да биік ел! Өйткені оның Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — рухы биік, жасампаз, кімді болса да өз ісіне сендіре алатын, кімді болса да ізгі істерге жігерлендіре алатын тарихи тұлға, халықтың қалаулы перзенті. Міне, елді басқарғанына да 14 жыл өтіпті. Оның қатты ойлайтыны — елдің бірлігі. Өйткені береке көзі — бірлікте. Осы тыныштықты, осы бірлікті бірден-бір ойлаушы — Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінің көбі ұшақ ішінде өтеді. Әлемнің түкпір-түкпіріне ұшақпен барады. Оның ұшағы — бейбітшілік ұшағы. Ендеше, алыс қиырларға бейбіт тілекпен самғай бер, бейбітшілікті тілеушім!

Елімдегі бірліктің пырағы, қиын уақытта ауыр жүк иығына арқалаған, еш нәрсеге мойымаған Қазақстан елінің даңқын асырып жатқан Нұрағамызға былай дер ем:

    Бақытқа бастап халқыңды,
    Сабырлы сақтап салтыңды
    Қазақтың ұлы — Нұрсұлтан,
    Жаһанға жайдың даңқыңды.

Иә, бүгінгі күні мен елімді жүйткіп келе жатқан пойызға теңесем, артық айтқаным болмас. Тек жолы тура болғай! Мұның бәрі — елдің дұрыс басқарылуының, береке, бірліктің арқасы. Халқымыз тоқ, еліміз тиыш.

Мен де керегімді іздеп жүрген дүниенің бір «кірпішімін». Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы, болашақ біздің қолда… Петропавл қаласындағы «Балалар ауылының» тұрғынымын.

Маған қамқорлық жасаушы Арыстан Мырзахметұлын әкемдей көрем. Өзім білім алып жүрген ақ бесігім Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия — интернатының директоры — Гүлжан Жұмашқызын шешемдей көремін.

Олар мені Қазақстанның адал азаматы етіп тәрбиелеуде. Талабым да таудай, ізгілікті үйрену — басты мақсатым. Бір бөлмеде мен, Сергей, Паша — үшеуіміз бірге тұрамыз. Дос боп, бауыр боп кеттік. Тілек — бір, мақсат — бір.

…терезеге қарап ойланып отырмын. Менің қалың ойымды Сергейдің қазақ тіліндегі Әнұранның мәтінін жаттап отырғаны бұзып жіберді.

    …Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
    Бауырға басқанбыз баршаның баласын
    Татулық, достықтың киелі бесігі —
    Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы,
    Еркіндік қыраны шарықта,
    Елдікке шақырып, тірлікте.
    Алыптың қуаты — халықта,
    Халықтың қуаты — бірлікте!

Біздің ортақ Отанымыз — Қазақстан. кемеліне келіп, кемері асуға жақындап қалған Қазақстан! Экономикасы дәуірлеп, білім, ғылымда әлемдік кеңістікке бет бұрған — Қазақстан.

Біздер 2030-дың іргетасын қалаушылармыз. 1-2 жылдан кейін біз де өмірге араласамыз. Өмірдің сан қилы сынақтарынан өтеміз. Қай кезде болсын, менің елім Қазақстанның басқа мемлекеттер алдында мәртебесі биік тұратынына сенім білдіре аламын. Өйткені, бүкіл әлемге достықты паш ететін, ынтымақшыл, бірлікшіл, бейбітшіліктің қамалын берік ұстайтын ұлы Қазақстан мемлекетінде біз сияқты ұландар өсіп келеді…

« Назад

Каталог на Azion.kz

Азбука.kz


rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus

На главную
Вверх
© 2005–2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS