|
![]() |
||||
|
|
|
» Главная » РИЦ «Логос СКО» » Педагогический вестник СКО #2/2007 Шырылдақова Ш.Н., Қола дәуірі адамдарының әдет-ғұрпы, діни түсініктері мен өнеріСабақтың мақсаты: Қола дәуірі адамдарының әдет-ғұрып, діни түсініктері, өнері жайлы баяндау арқылы сол кездегі адамдар жасаған материалдық, рухани байлықтармен, ізгілікті істермен оқушыларды таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың тарихқа, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту, оларды өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Жаңа материалды меңгеру. Ізденіс сабағы. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, Азия даусы халықаралық фестивалінің эмблема-белгісі салынған плакат, суреттер. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың эпиграфымен таныстыру:
Тағы да тіле. Жетерсің мұратына, Біле-біле. (Абай) Қазақстандағы Пушкин жылы, Ресейдегі Абай жылы туралы айтып кету. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Дәлелдеңіз ![]() III. Жаңа сабақты түсіндіру: Құрметті оқушылар, біз бүгін қола дәуірі туралы сабақтарымызды жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы, жоспары тақтаға жазылады:
Қола дәуірінің басты ескерткіші? Андронов мәдениеті. III. Жаңа сабақты түсіндіру: Құрметті оқушылар, біз бүгін қола дәуірі туралы сабақтарымызды жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы, жоспары тақтаға жазылады:
Қола дәуірінің басты ескерткіші? Андронов мәдениеті Андроновтықтар жерлеу дәстүріне тоқталып, кеңінен баяндап шығу. Қола дәуірі адамдарының діни түсініктерін ежелгі Үндістан мен ертедегі Иранның діни туындыларынан алынған мәліметтермен салыстыра отырып түсіндіреміз. Жерленген мәйіт басының батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылуы кездейсоқ емес екенін, үнді-ирандықтардың түсінігі бойынша, жер шаршы немесе домалақ болғандығын, жарық дүниенің әрбір жағын өз құдайы басқарғанын, өлікті батысқа қарату о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату болып шығатынын түсіндіреміз. Андроновтықтар өліктің қол-аяғын бүгіп жатқызған. Бұрын бұл күй өліктен қорыққасын, оны ұйқыдағы адамдай жіппен байлаған деп түсіндіріледі. Бірақ көне бір әдебиетте: жер өлген кісіні өз құрсағына анасындай қабылдайды, болашақта ол жаңа өмірге қайта келеді делінген. Ал өлікті осы қалпында ұстау үшін оны байлап тастаған. Ажал құдайын өліктерді тұсаушы деп атап, оны қолына жіп ұстатып бейнелеген. Өліктерді жерлеумен бірге, андроновтықтар мәйітті өртеп жіберу тәсілін де қолданған, ол отқа табынуға байланысты болса керек. Алайда молалардағы сүйек, шала, күл қалдықтары өзінің қандай іске бағышталғаны жағынан әр алуан болып келген. Ерте кезеңдегі күл мен шалалар өлікті өртеудің қалдықтары болса, кейінгі кездегі күл мен сүйектер ол моланың ағаш төбесін өртеу аластау алауының іздері. (Оқулықпен жұмыс) Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа нелер шалынған? ![]() (оқулықтағы 140-141 беттер бойынша жұмыс) 2) Дін көп жағдайда көркемөнердің де даму жолын анықтап отырған. Мысалы, құдайлардың тас бейнелері үлкен көркемдік талғаммен, шынайы шеберлікпен жасалған. Тасқа салынған суреттер қалай аталады? Қола дәуірінде жартастар бетіне салынып, жұқа, қоңыр қабықшақ басып қалған суреттердің өзіндік ерекшеліктері бар. Ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты, үшкір тас сынықтарымен жануарлардың, күн бейнелі адамдардың суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұлар адамдардың рухани мәдениеті мен оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы құндылықтар болып табылады. Қазақстан жартастағы суреттерге, яғни әр алуан петроглифтерге бай елдердің бірі. Қола дәуірінің адамдары мифологиялық ойлау сатысында болған. Олар күн мен түннің теңелуі, жер жырту, егін егу, оны жинау, төрт мезгілдің ауысып отыруы Жаратушының қолында деп есептеген. Осы үйлесім бұзылмауы үшін құрбандық атар, дұға қайырып, жөн-жоралғылар жасап отырған. Андроновтықтардың жартасқа салған суреттерінде жиі кездесетін бейне ай мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, әлеуетті аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың жабайы бұқаның суреті. Олардың алғашқы бейнесі неолит дәуірінде пайда болған. Турдан басқа қолға үйренген үй бұқасының да суреті кездеседі. Ол жер жыртқан кездегідей соқаға немесе арбаға жегілуі күйде бейнеленген.Үндістан мен Иранның мифтері мен діни әдебиетіне сүйенсек, күн құдайы Митра құрбандыққа шалған бұқаның мүшелерінен жасалған делінеді.Сондықтан Митра бұқамен қатар қойылады. Сонымен, бұқа құнарлылық, құдырет пен қуаттың бейнесі. Жартас көркемөнеріндегі сүйкімді сюжет қос өркешті бактриан түйесі. Ертедегі ирандықтарда ол күркіреме (гром) құдайы Веретрагнаның, үнділерде Индраның өзі деп есептелген. Қола дәуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен таралған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 жерде кездеседі, олар Тамғалыда да, Ешкіөлместе де бар. Олардың бәрі бір мәнерде арба бөлшектеліп, доңғалақтары алынып, оның екі жағына қойылған тәрізді етіп салынған. Оларға жегілетін аттар түйелер сирек кездеседі. Ат пен арба жайлы ирандықтарда: Құдайлардың бәрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді деген әпсана-аңыз бар. Тарихи маңызы бар ескерткіштерді қорғауымыз қажет. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі осы күнге дейін сақталған жартастағы суреттер келер ұрпаққа мол мұра. Тамғалыдағы, Ешкіөлместегі тастағы суреттерді талдау. Күн басты құдайдың бейнесі (суретін көрсету) бүгінгі таңда Азия халықтарының атақты ән фестивалінің эмблемасына айналған.
Дәптермен жұмыс: сөйлемді аяқта Қола дәуір адамдары:_________, _________, __________ табынған? Қосымша дерек: Қазақстанның тарихи даму диаграммасындағы қола дәуірінің кезеңін көрсету. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім қосымша кітаптардан петроглифтерді көрсету. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Бекіту барысында «Сиқырлы қобдиша» ойынын ойнату. Қобдиша ішіндегі сұрақтарға жауап беру, немесе тапсырманы орындау. ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау: «Мен бүгінгі сабақтан не білдім?» ҮІ. Үйге тапсырма беру. ҮІІ. Белсенді жұмыс істеген оқушыларды бағалау. Тәрбие сағатыТақырыбы: Ел белгілері, ел ұраны көк байрақ туымыз. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы ел белгілері, елұраны, көк байрақ туралы білім беру. Елтаңбасы, көк байрағының жалпы көрінісін және онда бейнеленген суреттерге сипаттама бере отырып таныстыру. Тәрбиелік: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, сүюге үйрету және патриоттық тәрбие беру, өз елінің нағыз азаматы етіп тәрбиелеу. Дамытушылық: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған уақыт ішінде жеткен жетістіктері және ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауын талдай отырып, әр түрлі сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: Компьютер. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. |
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||