Северо-Казахстанский ИПК и ППК / Педагогический вестник СКО #2/2007
Шалова Т.Н.,
Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишим ОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Белгілі күйші, композиторлар (Дәулеткерей Шығайұлы, Сүгір Әлиұлы)
Мақсат:
Оқушыларды белгілі күйші, композиторлармен әңгіме, фонохрестоматия тыңдау арқылы таныстыру.
Лексикалық тақырыпты пайдаланып, оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, сөйлесім дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру.
Тілге енгізу.
Үй жұмысын тексеру.
Жаңа тақырып.
мұғалімнің сөзі. (көрнекілік, фонохрестоматия пайдаланып оқушыларды белгілі күйші, композиторлар туралы мәлімет береді.)
сөздік жұмысы.
топтық жұмыс. (сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз мәтіні бойынша тапсырмаларды орындайды. 1-ші топ «Дәулеткерей Шығайұлы», 2-ші топ «Сүгір Әлиұлы». Тапсырмалар: оқу, аудару, мәтін бойынша сұрақтар, кластер құру, екеу-ара сөйлесім жұмысын жүргізу.
Венн диаграммасын толтыру жұмысы. Әр топ өз мәтіні арқылы Венн диаграммасын толтырып, ортақ ұғымдарын анықтап, шеңбер ішіне жазады.
Қорытынды. Ұғымдарды пайдаланып, тақырып бойынша ортақ мәтін құрастыру.
Бағалау.
Үй жұмысы. Жаңа сөздерді жаттау, құралған мәтін бойынша әңгімелеу және сөйлесім жұмысына дайындалу.
Белгілі күйші, композиторлар. (Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев)
Мақсат
Оқушыларды белгілі күйші, композиторлармен әңгіме, фонохрестоматия тыңдау арқылы таныстыру.
Лексикалық тақырыпты пайдаланып, оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, сөйлесім дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Тілге енгізу.
Үй жұмысын тексеру.
Жаңа тақырып.
мұғалімнің сөзі. (көрнекілік, фонохрестоматия пайдаланып оқушыларға белгілі күйші, композиторлар туралы мәлімет береді.)
сөздік жұмысы.
топтық жұмыс. (сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз мәтіні бойынша тапсырмаларды орындайды. 1-ші топ «Дина Нұрпейісова», 2-ші топ «Нұрғиса Тілендиев». Тапсырмалар: оқу, аудару, мәтін бойынша сұрақтар, денотат графын құру, екеу-ара сөйлесім жұмысын жүргізу).
Денотат граф сызбасы
Денотат графы (мағынаны анықтау) бұл мәтін-тұжырымдаманың маңызды мағынасын түсіндіру жолдарының бір түрі. Осы жұмыс барысында әр ұғым талқыланып, оқушы түсінетіндей деңгейде беріледі. Сонымен қатар мәтінді бөлшектеу тәсілмен түсіндіру әрекеті қарастырылады. Денотат граф сызбасының ерекшелігі:
берілген материалдан ұғымдарды тез және нақты жүйелеуге көмектеседі;
бұл сызба арқылы материалдың құрылымы байқалады;
сызбамен танысу барысында ұғымдардың, сөздердің ерекшеліктерін анықтауға болады;