|

|
|
|
|
|
» Главная
» РИЦ «Логос СКО»
» Педагогический вестник СКО #2/2007
Шалова Т.Н.,
Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишим ОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Белгілі күйші, композиторлар (Дәулеткерей Шығайұлы, Сүгір Әлиұлы)
Мақсат:
- Оқушыларды белгілі күйші, композиторлармен әңгіме, фонохрестоматия тыңдау арқылы таныстыру.
- Лексикалық тақырыпты пайдаланып, оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, сөйлесім дағдыларын қалыптастыру.
- Қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру.
- Тілге енгізу.
- Үй жұмысын тексеру.
- Жаңа тақырып.
- мұғалімнің сөзі. (көрнекілік, фонохрестоматия пайдаланып оқушыларды белгілі күйші, композиторлар туралы мәлімет береді.)
- сөздік жұмысы.
- топтық жұмыс. (сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз мәтіні бойынша тапсырмаларды орындайды. 1-ші топ «Дәулеткерей Шығайұлы», 2-ші топ «Сүгір Әлиұлы». Тапсырмалар: оқу, аудару, мәтін бойынша сұрақтар, кластер құру, екеу-ара сөйлесім жұмысын жүргізу.
- Венн диаграммасын толтыру жұмысы. Әр топ өз мәтіні арқылы Венн диаграммасын толтырып, ортақ ұғымдарын анықтап, шеңбер ішіне жазады.
- Қорытынды. Ұғымдарды пайдаланып, тақырып бойынша ортақ мәтін құрастыру.
- Бағалау.
- Үй жұмысы. Жаңа сөздерді жаттау, құралған мәтін бойынша әңгімелеу және сөйлесім жұмысына дайындалу.
Белгілі күйші, композиторлар. (Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев)
Мақсат
- Оқушыларды белгілі күйші, композиторлармен әңгіме, фонохрестоматия тыңдау арқылы таныстыру.
- Лексикалық тақырыпты пайдаланып, оқушылардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, сөйлесім дағдыларын қалыптастыру.
- Қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- Тілге енгізу.
- Үй жұмысын тексеру.
- Жаңа тақырып.
- мұғалімнің сөзі. (көрнекілік, фонохрестоматия пайдаланып оқушыларға белгілі күйші, композиторлар туралы мәлімет береді.)
- сөздік жұмысы.
- топтық жұмыс. (сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз мәтіні бойынша тапсырмаларды орындайды. 1-ші топ «Дина Нұрпейісова», 2-ші топ «Нұрғиса Тілендиев». Тапсырмалар: оқу, аудару, мәтін бойынша сұрақтар, денотат графын құру, екеу-ара сөйлесім жұмысын жүргізу).
Денотат граф сызбасы
Денотат графы (мағынаны анықтау) бұл мәтін-тұжырымдаманың маңызды мағынасын түсіндіру жолдарының бір түрі. Осы жұмыс барысында әр ұғым талқыланып, оқушы түсінетіндей деңгейде беріледі. Сонымен қатар мәтінді бөлшектеу тәсілмен түсіндіру әрекеті қарастырылады. Денотат граф сызбасының ерекшелігі:
- берілген материалдан ұғымдарды тез және нақты жүйелеуге көмектеседі;
- бұл сызба арқылы материалдың құрылымы байқалады;
- сызбамен танысу барысында ұғымдардың, сөздердің ерекшеліктерін анықтауға болады;
- денотат графы ой-өрісті дамытып, оқушылардың сөйлесім дағдыларын қалыптастырады.
- Қорытынды. Әр топ өздері құрастырған денотат графын пайдаланып әңгімелейді, өзге топпен сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді.
- Бағалау.
- Үй жұмысы. Жаңа сөздерді жаттау, «Белгілі күйші, композиторлар» (64-66 бет) тақырыптары бойынша сұрақ-жауап жұмысына дайындалу.
|
|
|
|
|
|
|
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
|
|
|
|