Бекматова Б.Е.,
Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың міндеттері: Тұрмыс-салт жырларының түрлері мен адам өмірі үшін маңыздылығын ашып, оларды күнделікті тұрмыста пайдалана білуге үйренеді.
Сабақ түрі: жаңа білімді игеру.
Әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс, пікір айту, алма кезек оқу.
Көрнекі-құралдар: суреттер, «Балалар әдебиеті» хрестоматия.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1. Алма кезек оқыту стратегиясы
2. Төрт түліктің мына бағасына қандай баға бересіңдер?
|
Менің ойымша, түйе-төрт түлік малдың басы,өйткені байлық деп тұр. Әттең, біздің жақта түйе өспейді.Қойды қазақ халқы көп өсіруге тырысады, себебі қонақ келсе, той болса, қой сойылады. Ешкі малын, әсіресе, лағын мен жақсы көремін. Неге кедейлік деп бағасын берді екен? Біздің жақта малдың төресі жылқы дер едім. Жылқы мен сиырдың пайдасы өте зор.Сондықтан елдегі атамның үйінде түйеден басқаның бәрі бар деп мақтана аламын. |
Қатты әсер еткен жерлер |
Үзінді жайлы пікірің |
| Аппақ қана сүті бар, Шағаладай құрты бар, Шопан ата баласы, Қойлар бассын үйіңді! Қойлар басса үйіңді, Қоймай бассын үйіңді! |
Төрт түлік малдың бірі момын қой.Сүті аппақ, жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар, қойды кім жаратпайды дейсің!? Бұл өлеңде үйіңді қой бассын деп, байлық, тоқтық тілеген тілекті байқауға болады. |
Үй тапсырмасы:
Сабақта қолданылған қосымша мәтіндер
Мақсат: балаларды үш тілдікке қызықтырады.
«Сүйінші» радостная весть. Человеку, принесшему радостное известие хозяин говорит: «Бери, что пожелаешь» или дарит что-то по своему усмотрению. При словах «Сүйінші» каждый сразу догадывается, что человек принес добрую весть.
Suiinshi is the happy news. To a person who has brought the good news the host tells «take whatever you want»,or gives him some good present.Having heard «Suinshi» people understand right away that the person has come with good news.
Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
«Сыбаға» доля. Для почетных гостей или близких и родных в доме всегда хранятся мясные деликатесы. К примеру, аксакалам, сватам преподносят бас, жая,жамбас, белдеме, омыртка. Для свах, девушек, зятьев и детей, также, хранится причитающаяся им часть (мүше).
Sybaga is the lot. For honored guests, friends, or family members the most some delicious meat is always kept. For example, aksakals and matchmakers are served bas, zhaya, zhambas, beldame, omyrtka. For women-matchmakers, girls,sons-in-law, children their lot (mushe) is also kept. Traditionallj, everj person who arrived and asked for bed must have his sybaga. Ifhe does not have superior meals, he has the right to blame the host and be offended.
Оқушылар үш тілде сөйлеген өз ата-аналарын көріп, үлкен бір жетістікке жеткендей болды. Кей оқушыларда өз ата-аналары үшін зор мақтаныш сезім пайда болғанын байқадым.
Оқушылармен тұрмыс-салт жырларын өту сабағына ата-аналарын шақырдым. Ата-аналар осы сабақта той бастар, тұсаукесер, бата түрлерін айтып, бір-екі көрініс түрінде көрсетті. Оқушыларға сабақ барысында қазақ халқының бойында қандай қасиеттер бар және қандай салт-дәстүрімізді білесіңдер? деп сұрақтар қойылған болатын. Оқушылар өз білгендерін ортаға салды. Ата-аналар балалармен бірге топқа бөлініп, олардың жауаптарын толықтырып отырды. Сабақта ата-аналарды оқушылармен бірге қатыстыру және жауап берулері қатты әсер етті.Оқушылар үлкен жауапкершілікті сезінді, өз ұлтының ерекшелігін біліп алуға деген ынталары, ұмтылыстары пайда болды.
Оқушылар мынадай қосымша сұрақтар қойды:
Кейбір сөзге түсінікті ата-аналар үш тілде айтты. Ата-аналардың ішінде қызметтеріне байланысты үш тілді де жақсы білетіндері бар болғандықтан, мен осы сәтті ұтымды пайдалануға тырыстым.
|
Веб-студия IVS Веб-студия IVS создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО. / www.ivs.kz / |