На главную 
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Дистанционное обучение
12-летнее образование
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Этно- и поликультурное образование
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки
Заметки натуралиста


Каталог интернет-ресурсов СКО+

catalog.Azion.kz



Каталог на Azion.kz


Лента RSS
Поиск


» Главная » РИЦ «Логос СКО» » Педагогический вестник СКО #2/2008

Версия для печати  Версия для печати


Имандылық сабағы

Мұхаметдинова Р.Н., «Салтанат» балабақшасы Петропавл қаласы


Ересек топ

Тақырыбы: «Әдептiлiк — әдемiлiк».

Сабақтың білімділік мақсаты: Балаларды кiшiпейiлдiлiкке, үлкендi сыйлауға, көмектесуге үйрету. Ойын, өлең, мақал-мәтелдер арқылы жақсы әдеттерге үйрету, жаман әдеттерден жиренту. Адамгершілік сезімін дамыту, ата-анасын, айналадағы табиғатты сүюге, күтуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды кішкене жастан бастап, еңбекке баулып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көркем шығарманы оқып талдау арқылы еңбек етуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Жаңа сөздер: Мысал өлең, шырылдауық, ыршып, гөлайттап жүру.

Сабақтың әдiстерi: түсiндiру, сұрақ-жауап, ойындар, мақал-мәтел, өлеңдер айтқызу, қойылым көрсету, әңгiмелесу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Әдептілік туралы әңгімелесу. Балаларға М. Әлімбаевтың «Аулақ бол жаман әдеттен» кітабын оқытып, талдау, мазмұнды-желелі ойындар ойнату.

Сабақтың барысы:

Кіріспе. Ұйымдастыру бөлімі:

— Балалар, сендер бiлесiңдер ме қазiр жылдың қай мезгiлi?

— Көктем.

— Дұрыс, балалар.

Көктем келiп табиғат қысқы ұйқыдан оянып жатыр. Күн шуағын бiзге сыйлап тұр.

Ал, бiз одан денсаулық, жылулық сұрайық:

    «Құдiреттi күн мен сенi жақсы көремiн,
    Құдiреттi күн мен сенен өтiнемiн,
    Құдiреттi күн маған қайырымдылық пен тыныштық бере гөр.
    Құдiреттi күн маған денсаулық пен жылулық сыйла!»

Мен де сендерге балалар денсаулық тiлеймiн!

— Балалар, бiздi қоршаған бүкiл әлемдi не деп айтамыз ? — «Табиғат» — деймiз. — Ал, бiз кiмбiз? — Адамбыз. — Адам табиғатқа жата ма? — Иә! — Қай табиғатқа жатады? — Адам тiрi табиғатқа жатады. — Бәрiмiз адамбыз. — Адам қандай болады? — Ақылды, күштi т.б. — Ал, сендер кiмсiңдер? — Балалар. Біз ұлдар мен қыздармыз. — Балалар болған соң, сендер ойнауды жақсы көресiңдер ме? — Иә. — Ал, кәнекей онда бiз ойнайық!

Балалар бiр-бiрiмен келiсiп мазмұнды-рөлдi ойындар ойнайды: «Емхана», «Дүкен», «Шаштараз», «Автобус». Балалар ойын ойнаған кезiнде бiр-бiрiмен тiл табысып сөйлеседi.

«Емханаға», «Дүкенге», «Шаштаразға» барғанда бір-бірімен амандасып, алғыс айтады: «Сәләмәтсiз бе! Рахмет! Берiңiзшi! Алыңызшы! Сау болыңыз!»

Автобусқа мiнiп жүргенде үлкен адамға орын берiп отырғызады: Отырыңыз! т.б. деп айтады. Балалар автобуспен балабақшаға келедi. Жарты шеңбер құрып орындықтарға отырады.

— Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

— Иә.

— Қандай ойындар ойнадыңдар?

— «Автобус», «Емхана», «Шаштараз», «Дүкен» ойындарын ойнадық.

Маған да сендердiң ойындарың ұнады. Бiр-бiрiңмен келiсiп, тату–тәтті ойнадыңдар. Сәлемдесудi ұмытпай, үлкендi сыйлауға, көмектесуге үйрендiк. Ал, сендер өздерің қандай баласыңдар?

Балалар: Біз — тәртіпті, әдепті, жақсы баламыз.

Тәрбиеші: Әрине балалар, сендер өте кішіпейіл, ақылды, тәртіпті баласыңдар.

Жаңа білім беру бөлімі

Балалар, біз қазір А. Асылбековтың «Не деу керек?» өлеңiн жатқа айтып, жақсы, жаман әдеттердi талдап әңгiмелесейік.

    Апаң сенiң базардан,
    Алма сатып әкелдi.
    Ең үлкенiн, жақсысын,
    Саған таңдап әпердi.

Не деп барып жеу керек?

Барлығы: — «Рахмет сізге» — деу керек.

    Әжең сенiң үстелге
    Қант, кәмпит қойды мол.
    Жұрттан бұрын ыдысқа
    Өз бетiмен салдың қол.
    Асыл сөзi санамда
    Жасы үлкенге жол берем.
    Атам менiң әмәнда,
    Кiшiпейiл бол деген
    Асыл сөзi санамда,
    Мақтанбауды жөн көрем
    Атам менiң әмәнда,
    Бол дейтұғын бауырмал.
    Мынау байтақ ғаламда,
    Қаншама дос бауыр бар.
      Жөн еді не айтқаның?
      Барлығы: — «Рұқсат па?» деу керек.
      Атам менің әманда,
      Әдепті жан бол деген.
      Атам менің әманда
      Әдепті жан бол деген.
      Асыл сөзді санама,
      Жүрем әділ жолменен.
    Атам менiң әмәнда,
    Бол дейтұғын бiрлiк.
    Бiрлiк болса адамға,
    Бақыт дейтiн тiрлiк бұл.
      Атам менің әмәнда
      Бол дейтұғын тіл алғыш.
      Асыл сөзі санамда,
      Болып жүрем тіл алғыш.

Сонымен біз осы өлең жолдарынан қандай әдеттер туралы тыңдадық?

— Кішіпейіл болу, үлкенді сыйлау, өтірік өсек айтпау, жаман сөз айтпау шыншыл болу т.б.

— Ал, қандай нәрсені жаман деп ойлайсыңдар?

— Өтірік, өсек айту, еріншек болу, айтқан сөзінде тұрмау т.б.

— Көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз.

— Жаңағы әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы қасиеттер.

Ендеше әдептілік те әдемілік екен.

Қазір, балалар біз сендермен Абай атамыздың аудармасында «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңін тыңдап көрейік. (балалар рөлдер бойынша ойнап жатқа айтады).

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың,
Бірінде тамақ, бірінде үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда
Оныменен тұрмады,
Қар көрініп қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым — ақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп,
Қабағын қайғы жабады
Саламда жатып, дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра.
— Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
— Мұның,жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа,
Ала жаздай қылмап па ең?
— Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме.
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
— Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Секілде де, билей бер!

Қорытынды бөлім

Осы мысал өлеңді орыс жазушысы И.А. Крылов жазған. Қазақ тіліне аударған ұлы ақын Абай атамыз.

—  Бұл мысал өлеңді кім жазған?

— Қазақ тіліне кім аударды?

— Сендерге мысал өлең ұнады ма?

— Балалардың назарын жаңа сөздерге аудару

Мысал өлең, шырылдауық, ыршып жүру, гөлайттап сөздерінің мағынасын ашып беру.

— Не ұнады? Құмырсқа ұнады.

— Неліктен ол сендерге ұнады?

— Құмырсқа қысқа дән жинап еңбек жасапты.

— Сонда оны қандай деп айтуға болады?

— Еңбексүйгіш екен.

— Ал, шегіртке жазды қалай өткізді?

— Ыршып жүріп ән салған

— Көгалды қуып гөлайттап

— Қызықпен жүріп жазды алған.

— Онда Шегіртке қандай екен?

— Еріншек, жалқау т.б.

Бүгінгі сабағымызда айтып отырған жақсы-жаман әдеттер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Балалар мақал-мәтелдер айтады:

  • «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
  • «Еңбек  — ер атандырады»
  • «Еңбекпен — ел көгерер»
  • «Ерінбеген — етікші болады» «Әдептілік — ар, ұят, Адалдықтың белгісі»

— Балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен не туралы әңгімелестік?

— Әдептілік туралы, жақсы қасиеттер туралы.

— Сонымен бәріміз біліп қояйық «Әдептілік — әдемілік» — екен.

— Біз бүгін сендермен көп нәрсеге үйрендік. Сабақ аяқталды, балалар.


Каталог на Azion.kz

Азбука.kz


rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus

На главную
Вверх
© 2005–2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS