«Логос–СҚО» орталығының басылымдағы педагогтардың шығармашылық лабораториясы





«Логос–СҚО» орталығының басылымдағы педагогтардың шығармашылық лабораториясы

М.М. Саткужина, СҚ ПҚБАҚДИ–ң «Логос–СҚО» редакциалық баспа орталығының жетекшісі


Қазіргі педагогтардың кітапхансын әдістемелік құралсыз елестету қиын,себебі, ол мұғалімнің саласында мейрімді көмекші ретінде пайдасы зор. Көбінесе облыстық педагогтарға Солтүстік облыстық педагог кадрларынның біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында, баспасөз редакциясы көңіл бөледі. 1955 жылы алғашқы әдістемелік жарық көрді, бірақ оны көбісі біле қоймайды.Негізінен, бұл тек қана облыс мұғалімдерінің және мектеп жетекшілерінің тәжірибелік жұмыстарының шағын тиражды болып тұрды.

Ауқыт өтті. 90-ші жылдары институт қоғамын Н.А. Иванова жетекшілік жүргізді. Экономикалық қиыншылықтарына қарамастан қоғамдық баспасы ұлғая бастады, ал өнімдер саны өсті. 2004 жылы баспа жұмысын Любовь Александровна Виноградова жалғастырды. Кейін Тамара Леонтьевна Лахтина өз қолына алды да 2005 жылы «Логос-СКО» баспа редакция жетекшілігін іске асырды.

Бүгінде баспа сөз редакция орталығы институттың құрылыс бөлімшесі болып есептеледі, оның мақсаты облыс орталық білімінің кеңселерінде ғылыми — әдістемеліктерімен оқу — тәрбиелік процестерімен қамтамасыз ету.

Институт кеңсе құрамы: төрайымы — Айна Қариқызы Қарабатырова СҚ ПҚБАҚДИ–ң директоры.

Кенсе мүшелері: Людмила Ивановна Выходцева  — оқу ісінің орынбасары, Күлзипа Үмбетәлиқызы Сәбиева — ғылыми консультант доцент, химия ғылымынң кандидаты, ғылыми — экспиерименттік жұмысы бойынша директордың орынбасары; Өркешова Әйтбибі Кеңесқызы — оқу орындарындағы мемелекеттік тілді оқыту бойынша директордың орынбасары; Светлана Викторовна Власенко — мененджмент білімі кафедрасының меңгерушісі; Ольга Юрьевна Тушинская — әдістемелік кабинетінің меңгерушісі; Майра Мұташқызы Саткужина — баспа редакция орталығының жетекшісі.

2006-2007 жылдары баспа редакциясы 150-ден астам көпжоспарлық әдістемелік құралдарын бастырды. Олар: ҰБТ-ға дайындық, жаңа технология монографиялары, 12–жылдық оқуға немесе білімге ауысу дайындығы және т.б. Облыс әкімі Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы жариялаған «Абай мен Пушкин менің өмірімде», «Тәуелсіздікктің 15 жылдығына: еліме және отаныма менің көзқарасым», Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев — Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» байқаулық шығармалардың жеңімпаздарының үздік жұмыстарының жинағы шығарылды. Орыс және қазақ тілі мұғалімдерінің 14 сайыстық әдістемелік құралдарының жоспары жинақталып таралған.

2004 ж. бастап ғылыми әдістемелік журналы «Педагог полилогы» басыла бастады. 2007 жылдан бас редакциясы ауысуымен «СҚО Педагогика жаршысы» — болып аты өзгерді. Журнал беттерінде колледж, білім мекемелері жетекшілерінің мақалалары басылды. Олар озық тәжірибелерімен бөлісе отырып және қазіргі заманға сай проблемаларды шешу жолдарымен бөліседі. 12-жылдық білім кешеніне көшумен байланысты басылым орталығына өзгерістер енді: жаңа рецензент-редакциялық топтар құрылды. Баспа орталығы озық педагогиканы таратуда шығармашылық топтармен тығыз байланыста.Редакция орталығымен география пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдар сериясы басылып шықты.: «СҚ облысының географиясы», «М. Жұмабаев ауданының географиясы», «Мамлют ауданының географиясы», «Есіл ауданының географиясы», «Шал ақын ауданының географиясы». Алдағы жоспардың мақсаты 2008 жылы басқа аудандардың осы түрде шығармашылық жұмыстарын басып шығару.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары «Алға өрбіген әдіс» әдістемелік құралда берілген. Әдістемеде қарастырылатын кеңестер жобалық әдісті еңгізуге тиімділігін көздеп, оқушының дамуына әсерлігін ашады. Жыл сайын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оқу — әдістемелік құралдардың басылымдары көбеюде. Келешек ұрпақты оқытумен тәрбиелеудегі мақсатқа жету үшін мектеп, кәсіптік оқу орындары және балабақаша қызметткерлерді шығармашылықпен тығыс қызметтесуге шақырамыз.


 © 2005-2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна

Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS
Веб-студия IVS
Веб-студия IVS — создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО. / www.ivs.kz /