Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды оқытудың ерекшіліктерін енгізу туралы





Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды оқытудың ерекшіліктерін енгізу туралы

Г.Б. Касымова,
экономика және юриспруденция колледжі Петропавл қаласы


Осы заманғы болып жатқан интеграциалық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды.

Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары секірмелілік жасады. Әрбір қоғам өмірінде мәдени, экономикалық, саяси қалыптасқан ескі көзқарастары түбегейлі өзгеріске ұшырайтын кезең болады. Қоғамның дамуындағы мәдени парадигманың өзгерісі адамдарды қобалжытпай қоймайды. Осы парадигманың ортасында білім тұр. Он жыл бойы кеңестік білім жүйесі әлемде ең жақсы білімдердің бірі болып саналған. ҚСРО-дағы іргелі ғалымның дамуы еліміздің әскери-техникалық, экономикалық әлеуметінің негізін қалыптастыруы болды. Осы уақытқа дейін элиталық кеңестік жоғары оқу орнын бітірушілер әлі де сұраныста.

Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа бағдар дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін бағдар болды. Толық мәнде бұл білім беруде де әсерін тигізді. Осы заманғы білім беру немен ерекшеленді?

Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді.

Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.

Техникалық және кәсіптік білімді енгізу, біздің республикамыздың жоғары оқу орындарының тәжірибесі мен халықаралық жинақтамай тәжіриебенің оқып білу мүмкін емес. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету.

Кредиттік–сағаттық жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болған және онда әбден дамыған. Гарвард университетінің Президенті, белгілі американдық білім қайраткері Чарльз Элиот «кредит–сағат» ұғымын енгізді, 1870-1880 жж. Пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйесінің екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім комитеті «колледж-мектеп» топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, кредиттік жүйені бағалау көлемінің мазмұны бакалаврлық бағдарламаның магистрлік және докторлық білім сатысына да таратылды.

Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық «тұнықтық» жетістігі, қазіргі кездегі білім жүйесінің сыйысымдылығы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау арқылы және білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды. 19 маусым 1999 жылы жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы қабылданды, оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді).

Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған. Осы заңның 11 бабында 9 п. білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны белгілінген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген, № 66, 22 қараша 2007 ж., осы ереже білімнің барлық деңгейі үшін құптауға лайық. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу.

Кредит — сенім — оқушылардың оқу жұмысының өлшеу көлемінің бірлігін бірыңғайлау. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1,  байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.

Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:

Оқушы өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды (5-10 студент). Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьютерлер (оқытушылар) ұсынылады.

Тьютордың міндеті — оқушының оқу әрекетінің барысын қадағалау, оқудаң барынша қайтарым алу. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын міндетті енгізу.

Анықтамалық — жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:

Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені:

Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.

Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып,сөзсіз қиыншылықтар тудыратынын айта кету керек:

Бірінші кезеңде кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет; Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).

Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.

Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті);

Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;

Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігу болып табылады.

Қорытынды кезеңде оқу сабақтарының кестесі жасалады.

Кредиттік технология бойынша оқу процесін жоспарлау кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымды жағда, артықшылығында белгілейміз. Тек оқутышының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау (50%- ға дейін) оқытушының жағынан кең спектр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтың да жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады.

Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.

Білім — бұл қоғамдық дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету.

Қолданған әдебиеттер:

  1. Е.У. Медеуов Кредиттік оқыту жүйесі: өту өту қиыншылықтары И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
  2. С.М. Өмірбаев Кредиттік оқыту жүйесі: принциптер мен концепциялардың маңызы. Білім Алматы — 2006 ж. №  (29) Ғылыми-педагогикалық журнал
  3. С.М. Өмірбаев Білім. Алматы. — 2006 ж. №  (29) Ғылыми-педагогикалық журнал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 27.07.2007 ж.
  4. «Кредиттік оқыту технологясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі» № 566 24.11.2007 ж.
  5. Қаланова Ш.М., С.М. Өмірбаев Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту технологиясын енгізу туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар өлшемдерінің жұйесін енгізудің мәселесі: Бүкілресейлік кеңестің мағұматтары. 23 сәуір 2003 ж., Мәскеу қ., В.Н. Чистохвалова — М., 2003 ж. — 100 б.
  6. Қазақстандағы кредиттік оқыту жүйесінің негізі С.Б. Әбдіғапарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин, А.А. Құсаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Өмірбаев; жалпы редактор
  7. Ж.А. Кулекеева, Г.Н. Гамарник, Б.С. Әбдрасилова — Алматы: Қазақ университеті, 2004. — 198 б.
  8. О.А. Цапова Кредиттік жүйе. Біліктілігін арттыру курстарының лекция материалдары «Кредиттік оқыту технологиясы»

 © 2005-2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна

Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS
Веб-студия IVS
Веб-студия IVS — создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО. / www.ivs.kz /