|
![]() |
||||
|
|
|
» Главная » РИЦ «Логос СКО» » Мастер класса Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуде инновациялық әдістерді тиімді қолдануҚазиева Қ.А. Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының алдында бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Мемлекеттік тілді білу, оны өз қызмет әрекетіне қарай қолдана білу құзіреті болашақ маманға қойылатын негізгі талаптың бірі болып табылады. Осыған орай мектепте қазақ тілін оқытуды жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда мектептің алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де мектепте қалыптасып, орнығады. Осыларды іске асыратын басты тұлға — ұстаз. Қазіргі кезде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп А.Байтұрсынұлы айтқанын есте сақтап жүру керек. Оқыту саласында қазіргі ақпараттық технологияны қолданбай бүгінгі күн талабына сай келетін мамандар дайындап шығару мүмкін емес. Оқыту үдерісінде компьютерді пайдалану үлкен мүмкіндіктерге жол ашады: уақытты үнемдеуге, оқушылардың белсенділігін көтеру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз бетінше білім алуға көмектеседі. Мектептерде қазіргі заман талабына сай жабдықталған мультимедиялық-лингафонды сыныптар, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кешендер бар. Мұғалімдердің сабақ барысында осы құралдарды пайдаланып, тілдің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Ұстаздың міндеті өзге тілді оқушыларға мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысына қанат бітіру, сол арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін барынша арттыра түсуге ықпал ету. Оқушыларға білім беруде көптеген жаңалықтар пайда болды. Солардың бірі — білім беру үрдісінде жаңа замандық құралдарды, технологияларды қолдану. Бәсекелестікке қабілетті оқытушы дегеніміз — ХХI ғасырға сай білікті маман, өз ісіне берік, дана, жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданатын, ізденімпаз, шығармашылық даму үстінде, балаларға мейіріммен, ілтипатпен қарайтын мұғалім. Сонымен қатар мұғалімнің пәні және өзі қызықты болу үшін, ол әр түрлі тәсілмен сабағын өткізуі керек. Сабақтың қызықты өтуі ұстаздың үнемі ізденуі, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Бұл жай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Дүниежүзілік өркениетке жету үшін жастарымыз білімді, парасатты, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға ие болуы үшін жан-жақты болып өсуі — ең басты шарт. Бүгінгі күні жаңашыл әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып жүр. Атап айтсақ: *ой қозғау, *мағынаны ажырату, *пікірсайыс, *Венн диаграммасы, *болжау стратегиясы, *топтастыру стратегиясы, *кубизм стратегиясы, *Берілген тақырып бойынша оқушылардың өздері білетін мәліметтерін тізбектеп жаздырту. * Серіктесімен ой бөлісу … . Осы аталғандардың кейбіреуіне тоқталайық. Мағынаны ажырату, тану әсіресе мәтінмен жұмыс немесе белгілі бір тақырыпты оқушының өз бетімен меңгеріп, талдауға ұсынылатын жұмыстарды жүргізгенде тиімді. Insert стратегиясын да қолдануға болады.
Ойтолғаныс әдісі дегеніміз өздігінен жұмыс жасау, өз ойларын, алған білімдерін өз сөздерімен айта алу, бір-бірімен ой алмастыру, ой қорыту. Жұмыс түрлері: эссе, шағын шығарма, ашық хат, монолог, диалог, кластер құрастыру. Ой қозғау — қызығушылықты ояту, белсенділікке баулу, бір мәселеге сын тұрғысынан қарау шеңберін кеңейту, өз ойын тұжырымдауға, басқаның көзқарасын сыйлауға үйрету. Тіл үйрету барысында ең алдымен оқушылардың сөздік қорын толықтыру керек. Сөздік жұмысы арқылы оқушы белгілі бір ойды жеткізуге, сөйлем құрастыруға жаттығады. Оқушыларды қызықтырған тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдерді өткізу өте пайдалы. Олар ұсынылған мәселе бойынша өз дәлелдемелерін келтіріп, көзқарастарын білдіру білігін көрсетеді. Рөлдік ойындар оқушыларды жасқанбай, еркін сөйлеуге үйретеді. «Миға шабуыл» әдісі тақырып бойынша қойылған күрделі мәселені мақсатты, белсенді талқылап, оның дұрыс шешімін табуға бағыттайды. Бір мақала көлемінде мұғалімдер қолданып жүрген инновациялық әдіс-тәсілдердің бәріне сипаттама беру мүмкін емес. Сондықтан компьютерлік сыныпта өткізілетін «Қазақстан Республикасы» тақырыбын қайталау сабағының жоспарын келтіріп кетуді жөн деп есептедім. «Қазақстан Республикасы» (қайталау). Интерактивтік тақтамен жұмыс. 1-слайд. Сабақтың мақсаты: 1. Тақырып бойынша оқушылардың білімін бір жүйеге келтіру және қазақ тілінде сөйлету. 2. Ойлау қабілетін дамыту. 3. Қазақ тіліне деген ынтасын арттыру. 4. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу. 2-слайд. Сөздердің қазақша баламасын айтыңыз: Площадь, численность населения, граничит, государственные символы, государственный язык, официальный, Указ, независимость, суверенный, унитарное, цивилизованное, светское, правовое, социальное, провозглашать, принимать, утверждать, назначать, защищать, политическая система. * Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз. 3-слайд. Сіз шетелдіктерді өз еліңізбен қалай таныстырасыз? Қазақстан Республикасы туралы жалпы мәлімет беріңіз — картамен жұмыс. 4-слайд. Кластермен жұмыс. Кластерді «сөйлету». 5-слайд. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын АҚШ-тың, Ресейдің Туымен салыстырыңыздар. 6-слайд. Президент және оның атқаратын міндеттері туралы не білесіз? Өз ойыңызды ортаға салыңыз: * Сіз Президент бола аласыз ба? *Егер Сіз Президент болсаңыз, … Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ш-бөлім, 40-41 баптары. 7-слайд. Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз? Мақал-мәтелдерді пайдаланып сұхбаттасыңыздар. 8-слайд. Қазақстан Республикасының Үкіметі. 9-слайд. Ата Заң — алтын Заң. Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы әңгімелеп беріңіз. Ата Заңымызға … жыл. Шығарма жазу. 10-слайд. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі 11-слайд. Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде. * Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. 12-слайд. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХII сессиясында сөйлеген сөзінен. Астана, 2006 жылғы 24 қазан.
…Алайда Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар — өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. Бұл әбден қалыпты және өркениетті шарт. 13-слайд. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін Ресей Федерациясының, Ұлыбританияның, Германияның білім беру жүйесімен салыстырыңыз. Шетелде оқу. Сіздің шет елде оқығыңыз келе ме? «Болашақ» бағдарламасы. 14-слайд. Астана туралы, «Астана — Бәйтерек» кешені туралы не білесіз? Сіз Астанада болдыңыз ба? Сізге Астана ұнады ма? Әңгімелеп беріңіз. 15-слайд. «Жері байдың — елі бай». Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары. Сыртқы сауда операциялары. Экспорттық жеткізілімдер. Импорттық тауарлар. Негізгі тұтынушылар. Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері. «Экономика — ел локомотиві» (газетпен жұмыс). 16-слайд. Ұлттық валюта — теңге. Англия — теңге әзірленген ел (газет материалымен жұмыс. Елбасының сұхбаты. «Егемен Қазақстан» газеті. 17-слайд. Қазақстан Республикасының экологиясы. Экология — ұлтқа ортақ проблема. Дөңгелек үстел. Күн тәртібінде — өзекті экологиялық мәселелер. Қоршаған ортаны қорғау — жастардың міндеті. 18-слайд. Ұлттық Ұлан. ҚР Қарулы Күштері туралы не білесіздер? 19-слайд. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы. 20-слайд. Қазақстанның басқа мемлекеттермен байланысы: Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынасы. Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасы… . 21-слайд. Қазақстанның мемлекеттер арасындағы беделі. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы. ЕҚЫҰ саммиті (Астана, 2010ж., 1-2 желтоқсан). Астана саммитінің шешімдері. Баспасөз мәслихатын өткізу. Пайдаланылған әдебиеттер:
|
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||