|
![]() |
||||
|
|
|
» Главная » РИЦ «Логос СКО» » Мастер класса Мемлекеттік тіліміздің мерейі үстем болсынСаутова Т.А., Мемлекеттік тілімізді қызметкерлерге үйрету осыдан он екі жыл бұрын басталды. жылдың қыркүйек айында ең бірінші Республикалық мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлерге жеделдете үйрету орталығында еліміздің үздік оқытушылары Алматыға шақырылып, жиырма күндік семинарда дәріс алды. Сол кезде қазіргі кездегідей жақсы оқулықтар, бағдарламалар болған жоқ. Бұл семинарда дәріс берген атақты ғалымдарымызды да атап өткен жөн. Біздің елімізге белгілі ғалымдар З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, А. Алдашева, Э. Дүйсенова, А. Күзембаева, Ф. Оразаева дәріс берген. Олар құрастырған бағдарлама негізінде біз сабақтарды талқылап, өз жоспарларымызбен бөлістік. Осыдан бері он жылдан артық уақыт өтті. Сол семинарға қатысқандардың ішінде Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Өскемен, Көкшетау, Петропавл жоғары оқу орындарының тәжірибелі оқытушылары болған. Біздің облысымыздан Сауытова Т.А. мен Хаймолдина А.Н. қатысқан. Кейін, 1998 жылдың қазан айынан бастап А.Хаймолдина екеуіміз ең бірінші болып мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрете бастадық. Қолымызда семинардан әкелінген жалғыз бағдарлама ғана болатын. Әрине, әр сабаққа үлкен жауапкершілікпен, шығармашылықпен дайындалып баратынбыз. Себебі біздің алдымызда студенттер емес, жастары қырық-елуден асқан ересек адамдар отыратын. Бірақ жас ерекшеліктеріне қарамастан олардың біздің тілімізге деген сүйіспеншілігі, қызығушылығы зор еді. Атап айтсақ, облыс әкімінің аппаратында қызмет істеп жүргендер: Рыбаченко М.Г., Стагнеева Г.В., Мельникова Г.И., Воронова М.В, Карпенко Л.В. т.б. Бұл қызметкерлер мемлекетіміздің тіл саясатын дұрыс түсінгендерін дәлелдеп, әр сабаққа жақсы дайындалып келетін еді. Сол кезде тілдер басқармасының бастығы болып Омарова А.М. қызмет атқарған. Бұл кісінің сіңірген еңбегі зор және орны ерекше деп айтуға болады, себебі жұмысқа деген жауапкершілігі мен біліктілігі, екі тілді жетік меңгергені, дер кезінде дұрыс шешімді таба білетіні бізді таң қалдыратын. Тіл маманы болмаса да, Алма Мырзағалиқызы қазақ тілінің басқа ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесін толық меңгерген ұстаз деп айтсақ та болады. Келесі жылы А.М. Омарованың ұсынысы бойынша облыс әкімдігінің жанында мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлерге оқыту орталығы ашылды. Бұл орталық туралы айтқанда, келесі жағдайды елестете аламыз. Қазіргі кездегідей дайын кабинеттер мен оқулықтар, бағдарламалар болған жоқ. Осылардың бәрін ең бірінші әдіскер ретінде осы орталықта өзім дайындап, аудандарға таратып жіберетін едік. Мәслихаттың бір кабинетінде қазіргі орталықтың директоры А.Т. Мәженова екеуіміз жұмыс істей бастадық. Үш деңгейлік бағдарлама құрастырылып, аз уақытта қалталық «Қазақ тілі. Ересектерге арналған» оқулық басылып шықты. Бұл оқулық қолға түсіре алмайтын құралға айналды. Аудандарға барып семинарлар өткізетінбіз. «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты сайыстар өткізілетін. Оқулықтардың жоқтығын білдірмеу үшін А.М. Омарованың ұсынысы бойынша облыстық «Северный Казахстан» газетінде «Школа без каникул. Уроки казахского языка» атты айдармен сабақтар жазып, аптасына бір рет басылып отыратын. Бұл сабақтар арқылы облыс оқырмандары мемлекеттік тілді үйрене бастаған. Сабақтардың көмегі зор екені сөзсіз. Бұл сабақтар облыстық радио арқылы да жүргізілген. Жай ғана газеттен оқып қоймай, оқырмандар бұл сабақтарды еститін болған. Тыңдаушылар оң баға берген болатын. Бүгінгі таңда сол кездегі қиыншылықтар ұмытылды, қазіргі кезде сол орталық арқылы жұмыс істеп жүрген оқытушылардың жұмысына қолайлы жағдайлар жасалған. Бұдан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қазақ тілінің рөлі күшейе бермек. Сөз жоқ, орыс, ағылшын және өзге тілдерді дамыту мәселесін де қолдайтын боламыз. Елбасының тапсырмасымен мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған арнайы қор құрылған. Демек, мемлекеттік тіліміздің Ата Заңымызда жазылғанындай, қоғамдағы өзінің лайықты орнын алуы үшін қазір қажетті қаражат бөлініп, алғышарттар жасалып, қолайлы жағдайдың туып отырғанын аңғаруымызға болады. Тың көтерген жылдарда, тоталитарлық билік кезеңінде жүздеген қазақ мектептері бір-ақ жылдың ішінде күшпен жабылып, олардағы мектеп оқушылары орыс мектептеріне ауыстырылған, ашық айтып жарияланбағанмен, ірі қалаларда қазақ тілінде тәрбие беретін балалар бақшаларын ашуға тыйым салынған. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл жөніндегі талаптар бірте-бірте өзінің қисынды жолымен өмірімізге шым-шымдап еніп, мемлекеттік тілдің мерейі үздіксіз өсіп, көтеріле бермекші. Әлемнің өркениетті өзге елдеріндегі сияқты бірыңғай оқу стандартымен мемлекеттік тілде білім беретін жаңа тұрпатты мектеп жүйесіне көшуімізге, келешекте сондай жүйені қалыптастыруымызға да негіз бар. Тәуелсіздік алғаннан бергі өткен он тоғыз жыл уақыт мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда күш салды. Біздің облысымызда К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогика институтында қазақ филологиясы кафедрасы ашылды. Сол қиын кезеңде, оқу құралдарының жоқ кезінде студенттерге білім бергендердің арасында п.ғ.к., доцент М.Ғ. Ғабдулина, п.ғ.к., доцент К.М. Атығаева, оқытушылар З. Әкімжанов, Ш. Малдыбаев, О. Нұрмұқанов, ф.ғ.к., доцент Таласпаева Ж.С., оқытушы Әлиева Г.Ш., доцент Қадыров Ж.Т., аға оқытушылар Кәкімова Ғ.Т., Сауытова Т.А., А. Нұрпейісова, Нұрғалиева Қ.Б., Синбаева Г.К., А.Ш. Мәукенов болып еді. Бүгінде барлық этнос өкілдерінің жер иесі, мемлекет иесі болып табылатын қазақ халқына деген ризалығы мен алғысы шексіз. Олар мемлекеттік тіл мәселесіне де түсінушілікпен қарайды. Мемлекеттік тілді үйренуге, балаларының сол тілді еркін меңгеріп, Қазақстанның белсенді азаматтары болып шығуына ынталы. Қазақстанда елемізді мекен ететін барлық этностар мемлекеттік тілді дамытуға атсалысады. «Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» дегенді қағаз жүзінде қалдырмай, іс жүзіне асырып, «мемлекеттік тілді меңгеру — әрбір өзін өзі сыйлайтын азаматтың міндеті» деп заңмен бекітуге уақыт жетті. Жастар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» деген сөздерін есте сақтап, жүзеге асырулары керек. Сондықтан тіліміздің беделі үстем болу үшін Елбасы айтқандай «қазақ қазақпен қазақша сөйлессе» ғана басқа ұлт өкілдерінің біздің тілімізге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы арта түседі. Бұл үшін, ағайын, бәріміз бірлесе қызмет етейік! Президентіміздің ұсынысы бойынша Қазақстан өз жастарының әлемнің ең дамыған елдеріндегі мақтаулы оқу орындарында білім алып шығуына мүмкіндіктер туғызып, барынша жағдай жасаған ел. Бұл көрші елдерге үлгі болып отыр. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде айтатыным: мемлекетіміздің абыройын бүгінгіден де асқақтату үшін елдегі білім беру саласын да мемлекеттік тілмен, мемлекеттік мүддемен ойластыра отырып, ең озық үлгілерге сай етіп, реформаласақ. Пайдаланылған әдебиет: 1. «Қазақстан республикасындағы тіл туралы» заңы. 1997 ж., 11 шілде, 4-бап. |
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||