
|

|
|
|
|
|
» Главная
» РИЦ «Логос СКО»
Список учебно-методических пособий издаваемых СК ИПК и ППК за 2011 год
|
|
Авторы: Бейсенова Дариха Сәдуқызы — Есіл ауданы Қарағай негізгі мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Берілген «Қызықты грамматика» әдістемелік құралы 5-сыныптың қазақ тілі пәнінің «Лексика» тақырыбын меңгертуге байланысты тиімді жолдарды қарастыру негізінде жасалған. Бұл тапсырмаларды ұстаз өз іс-тәжірибесінде күнделікті сабақ жоспарын жасауда, үйірме жұмыстарында, тіл дамыту сабақтарында қолдануға болады.
|
|
|
Құрастырушы: Оспанова Б.Д. СҚ ПКБА ҚДИ аға оқытушысы
Бұл әдістемелік құрал жазғы сауықтыру лагерлерінде жұмыс жасайтын қазақ тілі мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылып отыр. Әдістемелік құралда кіші және орта жастағы балаларға қазақ тілін ойын технологиясы, тренингтер мен жаттығулар арқылы оқыту әдістері берілген.
|
|
|
Құрастырушы: Омарова Ш.Х., Тайынша ауданы Тихоокеан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Бүкіл дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі таңда елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жүйесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық икемділіктерін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңа тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осындай мақсатта жүргізілген бұл әдістемелік құралда сатылай кешенді талдау бойынша өткізілген сабақ үлгілері, кесте сызбалары беріліп отыр.
|
|
|
Авторлары: Мәдиева С.Х., Кәрімова Е.Қ., Төлебаева А.С., Ысқақова А.Ә., Үмітбаева А.Ғ., Сүгірова Ә.Қ. Уақышева А.Б. Майсейітова З.Ш., Шоқанова С.Қ.
Жоспарлау ҚР БҒМ 2010 жылғы 9 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты және «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат талаптары, 2010 жылғы жаңа оқу бағдарламасы негізінде, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептің 1-4сыныптарына арналған оқулықтар бойынша жасалды.
|
|
|
Авторлары: Шопанаева К.З., Жүзенова Б.Е., Шақанова Ә.Ғ., Насырова Г.Р., Күркенова А.Қ., Қабденова Н.Б., Ерешева Г.Е., Мағжанова Ш.Т.
Жоспарлау ҚР БҒМ 2010 жылғы 9 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты және «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат талаптары, 2010 жылғы жаңа оқу бағдарламасы негізінде, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептің 5-8-сыныптарға арналған оқулықтары бойынша жасалды.
|
|
|
Авторлары: Ниғматова Б.Д., Жүзенова Б.Е., Шақанова Ә.Ғ., Насырова Г.Р., Күркенова А.Қ., Қабденова Н.Б., Ерешева Г.Е., Мағжанова Ш.Т., Даниярова Қ.С., Нәбиева Р.Ж., Қ.Қ. Есқұлова.
Жоспарлау ҚР БҒМ 2010 жылғы 9 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты және «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат талаптары, 2010 жылғы жаңа оқу бағдарламасы негізінде, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептің 9-11-сыныптарға арналған оқулықтар бойынша жасалды.
|
|
|
Құрастырған: Накиев Р.Р., «М. Айтхожин атындағы № 1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектеп» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Берілген құралда әр түрлі тестер деңгейлік тапсырмалары қазақ тілі пәні бойынша тақырыптық-күнтізбелік мемлекеттік стандарттық жоспарынан жоғары деңгейде берілген. Бұл жинақта жеңілден қиындыққа қарай принципі бойынша тапсырмалар құрастырылған. Оқу-әдістемелік жинақ — жас мұғалімдерге көмекші құрал, әр ұстаздың қолданылуына қолайлы, бүгінгі күн сұранысын қанағаттандыратын еңбек.
|
|
|
Құрастырушы: Оспанова Б.Д., СҚ ПКБАҚДИ-ның аға оқытушысы
Мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаға даярлау мұғалімнен терең білім мен біліктілікті,тәжірибе мен шеберлікті талап етеді. Бұл оқу-әдістемелік құралында дарынды балаларға арналған факультативтік курстың бағдарламасы, тапсырмалар топтамасы және оларды орындаудың үлгілері, талдаулар, әсіресе тіл білімі салаларының және көркем шығармалардың сатылай кешенді талдау үлгілері берілген.
Оқу-әдістемелік құрал орыс және өзге тілде оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне оқушыларды олимпиадаға және емтиханға терең, жүйелі түрде дайындауға көмек ретінде ұсынылып отыр.
|
|

|
|
|
|
|
|
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
|
|
|
|