|
![]() |
||||
|
|
|
» Главная » Творческая мастерская » Начальные классы Қажрахимова Р.К., Қазақ тілі – 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін Сабақтың білімділігі: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. Сабақтың дамытушылығы: Мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту: Мәтіндегі азат жолдың рөлін байқату. Мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыру. Сабақтың тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ (Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану) Принциптері: Біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық. Көрнекілігі: слайдтар,сюжетті суреттер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: I Бағдарлау мотивациялық кезеңа) сәлемдесу ә) оқушы қызығушылығын ояту
Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық. II Өткен сабақ бойынша істелетін жұмыс1. Кіріспе Оқушылар, біз қыркүйек айынан бастап оқыған «Дыбыс пен әріп» тарауын бітірдік. Олай болса, мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін. 2. Сұрақ жауап Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Орыс тілінен енген сөздерде қандай әріптер болады? (ф, в, ч, щ, э, я, ю) 3. Ой қозғау (3 топқа парақша тарату)5 слайд 3 тапсырма І топ ІІ топ ІІІ топ 4. тапсырма 6 слайдДыбыстық талдау (3 топқа)
Әр сөзге ауызша сөйлем құр 5. Қорытынды (Мұғалімнің сөзі) Сөз неден құралады? (әріптерден) Сөйлем неден құралады? (бірнеше сөзден) ІІІ Операциялық орындаушылық кезең7 слайд. 6 тапсырма. Мен сіздерге бос қол келгенім жоқ. Өзіммен бірге Әлиханның хатын ала келдім. Енді соны тыңдайық. Үнтаспа (Әлиханның дауысы) Әлиханның анасы мұғалима. Ол да Әлихан тәрізді оқиды, жазады. Әрине, Әлихан үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады. Әлихан түнде оянып кетті. Қарсы бөлменің шамы жанып тұр. Қараса анасы дәптерлерді тексеріп отыр. Сірә, шаршаған. Көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды. «Тү-у, демалыс тезірек келсе екен, анам демалар еді», деп ойлады Әлихан. Балалар хат та мәтінге жатады. 8 слайд. 7 тапсырма.
9 слайд. 8 тапсырма. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты. Л л (Қандай дыбыс?) Лашын жыртқыш құс. 10 слайд. 9 тапсырма
Мәтінің қай түріне жатады? Бұл сипаттау мәтіні. Ол қандай? деген сұраққа жауап береді. Дұрыс, балалар, мәтінде лашынның түр-түсі, денесінің көлемі сипатталған. Сонымен бұл шығарма мәтін деген қорытындыға келдік. 11 Слайд. 10 Тапсырма Естеріңде болсын! Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды. 12 Слайд. 11 Тапсырма. Суреттерге қара
Суреттегі заттарды ауызша сипаттап бер де, сөйлем құр 12 тапсырма. Сергіту сәті.
Мұның аты (еңбек) Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты (еңбек) Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. Сонымен суреттегі Ердос қандай бала деп ойлайсыңдар? (еңбекқор...) 13 слайд. 13 тапсырма Мәтінді оқы. ![]() Бұл мәтінді өз ойыңмен жалғастыр. (Атасы Ердостың ісіне риза болды.) 14 тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беру.
Адамдар ғана еңбекқор емес, жәндіктер де еңбекқор болады. Қай жәндік Ердос сияқты еңбекқор еді? (Құмырсқа)° 14 слайд. 15 тапсырма. Жұмбақты шеш.
Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не? Оқушылар құмырсқа деген сөзге ассоциация құрады. 15 слайд. 16 тапсырма. Ассоциацияны толықтыру Құмырсқа туралы шағын түсінік. Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек. Өйткені құмырсқа еңбекқор жәндік. Ол өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп-оңай сүйретеді. Біреуінің әлі келмесе, қалғандары көмектеседі. ІҮ Рефлексиялық бағалау кезеңі
Ү БағалауҮІ Үй жұмысы |
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||