|
![]() |
||||
|
|
|
» Главная » Творческая мастерская » Начальные классы Қадырова Н.Қ., Қазақ тілі – 4 сыныпСабақтың тақырыбы: Шылау сөздер және шылау тұлғалас қосымшалар. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: оқушылар шылау және шылау тұлғалас қосымшалар туралы алған білімдерін анықтайды және пысықтайды; каллиграфиялық дағдыларын жетілдіреді,шағала туралы қосымша мәлімет алу арқылы сабаққа деген қызығушылығын артады; Дамытушылық: озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой-өрісін,дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту; Тәрбиелік: оқушы дүниетанымын дамыта отырып, табиғатты сүюге, жан-жануарды қорғауға тәрбиеленеді, өзара достыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулиды. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың типі: қайталау, пысықтау Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі Сабақтың көрнекілігі: шағала туралы қосымша материал Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, компьютер Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, СТО жобасының стратегиялары (Венн диаграммасы, ББҮ, эссе, ассоцияция), ребус Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын оятуРебус шешу. Шешулері: мен, туралы, үшін, қой-шылаулары. ![]() ІІ. Мағынаны ажырату Ребустың шешулеріне қарап,бүгінгі сабақ немен байланысты екенін айта аламыз ба? Бүгінгі сабақта шылау тақырыбы бойынша білімдерің анықталады. Көп нүктелердің орнына тиісті сөзді және қосымшаны қойып, мақалдарды оқыңдар, мағынасын ашыңдар.
Енді шылау сөз бен қосымшаны салыстырыңдар. ![]() Шылау туралы не білеміз? ![]() Қандай шылау сөздер мен шылау тұлғалас қосымшаларды білесіңдер? Жауаптарын флипчарттағы кестемен салыстыру Енді осы шылау сөздер мен жалғауларды және тақтадағы суреттерді қатыстырып, 5 сөйлем құрастырамыз. Интерактивті тақтамен және дәптермен жұмыс. (Жұмысты қортындылау) Сергіту сәті. Ал, енді кішкене демалып, бой сергітейік. Қазір жылдың қай мезгілі? Басқа жыл мезгілдеріне қарағанда, оның қандай ерекшеліктері бар? Құстар қайтып келеді дедіңдер, ендеше өздерің қандай құстарды танисыңдар? Құстарды дауыстарынан ажыратып көріңдер. (Дауыстарын естіледі). Кез келген құс емес, жалғыз ұшпайтын құс туралы болады. Неге бұл құс жалғыз ұшпайды деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың ойлары). Ал, енді мәтіннен қай құс екенін анықтайық. ББҮ кестесін толтырайық.
Шағалалардың шоғырланып ұшып жүрген суретін көрсету. Тақырып бойынша оқушылардың ойын тыңдау. Достық, бірлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? Достық, татулық не үшін қажет? Сондықтан да, балалар, бір-біріңмен дос, тату болыңдар. Сонда ғана жетістіктерге жетіп, басқаларға сыйлы боласыңдар. Шағала туралы қосымша материалмен танысу.(Қосымша № 1) Шағалалардың түрлеріне қарай бірнеше суреттерді ұсынып отырмын.Мұқият қарап шағала туралы білетіндеріңді еске түсіріңдер. Шағаланың суретін көрсету. ІІІ. Ой толғанысШылауларды қатыстырып,шағала туралы эссе жазыңдар. Интерактивтік тақтада шылаулар кестесі бар.(Қосымша № 2) Бағалау. Үйге тапсырма беру. Үйде шылау және шылау тұлғалас сөздерді қайталау және оларды қатыстырып, бүгінгі сабақ жайлы бірнеше сөйлем құрастырыңдар. |
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||