На главную 
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Дистанционное обучение
12-летнее образование
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Этно- и поликультурное образование
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки
Заметки натуралиста


Каталог интернет-ресурсов СКО+

catalog.Azion.kz



Каталог на Azion.kz


Лента RSS
Поиск


» Главная » Творческая мастерская » Доклады

Қызылжар ауданы Бескөл ауылы
«Парасат» мектеп-лицейі
Шаймерденов Шамшухан Нұрланұлы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі
(Бастауыш сынып мұғалімі)

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдары

Шаймерденов Ш.Н.

Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды білім жүйесінде пайдалағанда, есепке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Қоғамның қалыптасуы мен дамуы негізінде адам тұрғандықтан, білім берудің де негізгі қағидасы ретінде жеке тұлғаның, индивидтің өз потенциалын дамытуына керекті жағдай жасалуы тиіс. Жеке тұлға тіршілігінің кәсіби жағының өзі нақты өмірде кездесетін адамзат болмысының барлық онтологиялық деңгейлерінің анологияларын қамтиды.

Шынында да, қазіргі ғылымда адам потенциалы иерархиясында, яғни даму деңгейлерінде көп көңіл бөлінеді. Осы иерархияның ең алғашқы жалпы және іргелі деңгейі болып оның биологиялық потенциалы есептеледі, ол адамның қоректену өнімдерінен алып пайдаланатын энергиясының бір бөлігі болып саналады. Екінші деңгей индивидтің психикалық потенциалы, ол оның психикалық әрекеті аймағында жүзеге асыратын биологиялық потенциалының тағы бір бөлігі болып табылады. Үшінші деңгей-адамның күннен күнге күрделеліленіп бара жатқан қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас, яғни жеке тұлғалық потенциал ретінде қарастырылады. Ең соңғы потенциал түрі психикалық потенциалдан өз қ мен көлемі арқылы ғана өзгешелеу болады, сондықтан оны соның бір бөлшегі деп қарай аламыз.

Жеке тұлғалық потенциал адамның кәсіби өмірінде қалыптасып, жұмысында толық көріне алады. Оның мазмұндық және сапалық деңгейлері индивидтің биологиялық жағынан, жеке тұлға ретінде әлеуметтік жағынан жетілгендігін және де бұдан былай оның жеке мәдени-тарихи көзқарасынан да толық қалыптасқанын көрсете алады. «Кәсіби потенциал, — дейді И.П. Маноха, — ол жеке тұлғаның өз мамандығын, әлеуметтік әрекеттерін, «өмірлік шаруасын» жүзеге асыру процесінде өзі жасайтын, болашаққа мүмкін болатын «мен» деген ұғымының әр деңгейдегі және көп қырлы түрде дамуы. Кәсіби потенциал — ол жеке тұлғаның бүкіл әлемге деген болмыстық кәсіби қозқарасының және жалпы өмірге деген қатынастарының даму деңгейі».

Мұғалімдердің кәсіби потенциалын қалыптастыру мақсатында бастауыш сынып ұстаздарының кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдарына көшбасшылық жасап, жаңа ақпараттық технологияларға байланысты керекті бағытта бастауыш сынып бірлестігінде интернет жүйесі және электронды оқулықтарды тиімді түрде қолданудың әдіс-тәсіліне байланысты әр түрлі тақырыпта бірлестік отырысын өткізіп, семинарлар өткіземін. Мысалы: «Бастауыш сыныбында математиканы оқытуда электрондық оқулықтарды қолдану арқылы төменгі сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру мәселелері», «Бастауыш сынып оқушыларына интернет жүйесін үйретудің алғы шарттары», «Ана тілі сабағында электрондық оқулықтардың қолдану аясы», «Бастауыш сыныптарында IQ тестерін алу жолының өзіндік ерекшеліктері», «Айналамен танысу сабақтарының зертханалық жұмыстарын орындауда копьютерлік технология тәсілі арқылы бастауыш сынып оқушыларының таным белсенділігін арттыру жолдары», «Бастауыш сынып оқушыларымен ХХІ ғ. көшбасшысы» ойынын өткізу арқылы ойлау қабілетін дамыту т.б. Осындай жұмыстарды талдау, ой бөлісу, пікір таластыру арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік деңгейін көтеріп және бастауыш сынып оқушыларының білім біліктігін, дүниетанымын кеңейтуге жоғарыдағы аталмыш бірлестігіндегі қарастырылған мәселелер өз нәтижесін беріп жүр. Мысалы, дарын орталығы ұйымдастырған «зерде» конкурсында біздің мектептегі 4-сынып оқушылары Қаражанова, Үсөніп Тілейхандардың «Солтүстік Қазақстан өңіріндегі балық түрлерінің таралуы » атты зерттей ізденістері бойынша республикада дипломанттар болуы бұған айғақты дәлел. Әрине, мұндай интеллектуалдық конкурста нәтижеге жетуге интернет жүйесі көмектесті деп айта аламын.Интернет жүйесі оқушылардың шығармашылығын, ойлау қабілетін, өзіндік ой белсенділігін, қажетті материалды табуға қызығушылығын арттырып, білім мен біліктілікке, зерттеу ісіне құштарлығын арттыра түсері хақ . Оқушылар интернеттен алған ақпаратты сабақ барысында қолданып, өз білімдерін дамытып, жеке тұлғалық потенциалдарын кеңейтеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігі интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамып, жаңаша ойлау қабілеті қалыптасып, жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға ынталанып, нәтижесінде — кәсіби потенциалдарын қалыптасуына жол ашылады.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың ішінде, бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту технологиясы тиімді тәсілдердің бірі деп айтар едім.

Оқушылардың ақпараттық технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функцияларын басқа жақтары да: қабылдау, есте сақтау, т.б. да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады, қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі — өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс. Бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы берілген дамыту жүйесі оқушының мектепте алған білімі баланың шығармашылық әлеуетін дамытып, оқушыны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретеді.

Американ психологы Э. Фромм 1959 жылы шығармашылыққа мынадай ұғым береді: «Бұл тандану мен таным қабілеті болу және қалыптан тыс жағдайларда шешім таба білу және жаңалық табуды көздеп, өз тәжірибесін жете түсіну қабілеті дамиды», — дейді.

Осылайша психологияда шығармашылық адамның белсенділік және жеке қызметінің нысаны ретінде анықтап, осы процесте ол үлгі мен стереотиптен ауытқып, эксперимент жасағанда, қоршаған ортаның түрін өзгертіп жаңа әрі бағалы нәрсе құрауға болады.

Бұл шығармашыл адамның өзі үшін де жаңалық болуы мүмкін. Мұңдай жағдайда шығармашылық жеке тұлғалық болып табылады. Есепті шығарудың жаңа тәсілін тапқан мектеп оқушысы жеке тұлғалық шығармашылығын көрсетеді. Шығармашылық субъектінің жаңалығы бүкіл адамзат үшін жаңалық болып табылса, онда жеке тұлғалық шығармашылық қоғамдық маңыз алады. Нақ осы қоғамдық маңызы бар шығармашылық қоғам мен елдің алға басу прогресін айқындайды. Сөйтіп қоғамдық маңызды шығармашылық жеке шығармашылықтан туады.

Шығармашылық ақыл-ой субъективті жаңа өнім жасаумен бірге танымдық іс-әрекет барысында жаңадан пайда болған түр болып сипатталатын ақыл-ойдың бір нысаны ретінде анықталады. Бұл жаңа құрылымдар себеп, мақсат, бағалауға және мағынаға қатысты. Өнімді деп те айтылатын шығармашыл ақыл-ойдың дайын білім мен іскерлікті қолданатын репродуктивті ойдан айырмашылығы бар.

«Ақыл-ой туралы жалпы ұстанымында ең басты нәрсені, шығармашылық ақыл-ойға қадам басуды түсіну маңызды, ол басқа біреу ойлап таба алмайтын нәрсені ойлап табу болады, болмаса басқа біреу шығара алмаған есепті шығару. Осындай ақыл-ойда адам таңқаларлық нәрсе жатыр, ал бәрімізге белгілі білімді тілге тиек еткеннен қызық ештеме жоқ» қой.

Шығармашылық бастаманы жас кезден бастап дамыта беру қажет. Шығармашылық ақыл-ойды дамытудың басты шарттарының бірі жаңа идеялар мен пікірлер туатындай қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мұндай жағдайды интернет жүйесі және электрондық оқулықтар арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, жаңа заман талаптарына сәйкес мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастырудың моделін жасауда, ең алдымен, ғылымның қазіргі кезеңдегі әдіснамасына, педагогиканың әдіснамасына, әдіснамалық негіздемесіне сүйену қажет.

Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы өркениеттің дамуының негізгі аспектісі болып табылады. Білім берудің жаңа парадигмасын өмірде жүзеге асыру үшін мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру — уақыт талабы. Мұғалгмнің инновациялық дайындығын қалыптастыру дегеніміз — әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру; жалпы орта білім беретін мектептердегі инновациялық реформалардьі жүзеге асыруды жеделдету; білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістерді, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық , коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б.

Бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдарында көрнекі құралдарды пайдалану арқылы ғана сабақтың тиімділігін арттырамыз. Біріншіден, материалды түсіндіруде мұғалім қатты қиналмайды. Екіншіден, оқушыға жаңа материалды меңгеруде жеңілдік туғызады. Үшіншіден, оқушының оқуға деген ынтасын, танымдық қызығуын арттырады. Төртіншіден, оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді. Мұны әсіресе, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асырып, мұғалім өз сөзі мен көрнекілікті ұштастыра білуі қазақ тілінің теориялық материалын оқушылардың сапалы да білгір меңгеруінің, өмірлік дағдыларды игерудің негізгі шарты екендігін компьютерлік көрнекілік арқылы ұғындырады.

Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтамасыз ете алмайды, сол себепті балалардың танымдық қызығуларын арттыру мақсатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім тек қана күнделікті сабақ берумен ғана шектеліп қоймай, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, елдің тарихына, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілікті туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Оның ең тиімді жолы — сайыс, интеллектуалды-шоу ойындары. Бұл арқылы оқушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету арқылы естерінде мәңгі қалдыруға мүмкіндік туады. Осыған байланысты біздің мектепте «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сайыстары, «Менің Отаным» интеллектуалды-шоу ойыны да компьютердің көмегімен өткізіледі.

Өзінің оқушысын өз бетінше оқып үйренуге, білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Осыған байланысты мектепте оқушылар арасынан шығармашылық топ құрылған. Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Әлемді тануға, белгісізді анықтауға жауапты интернет браузерлерден табуды үйретіп, өзіндік ізденіске жетелеуге болады. Оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.

  1. Оқушы жұмысты бастамас бұрын оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек. Мақсаты — сабақта алған білімін тереңдете отырып берілген тақырып бойынша ізденіс жұмысын жүргізу.
  2. Оқушы интернеттен таңдап алған материалын сұрыптап алуды үйренеді.
  3. Оқушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
  4. Оқушы өзінің іздеп тапқан материалын слайд түрінде қорғауға дайындалады.

Ең үздік слайд оқушылардың арасында өтетін әр түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсынылады.

Алдыңғы толқын ағалардан кейінгі толқын інілерге даңғыл да сара жол қалатындығын оқушыларға әрдайым түсіндіру керек.Осы жолда үлкен табыстарға қол жеткізген данышпан ғалымдар, даналар, ақын-жазушылар, спортшылар, өнер шеберлері бар екендігін үлгі ету қажет. Мысалы: Жетістікке жету жолындағы ұлы адамдар өмірінен үзінді, көріністерді интернеттен тауып, өздерің сол бабаларға ұқсауға тырысып, үлгі алындар деген тапсырма беруге болады.

  1. Ұлы Абай өмірі — бізге үлгі.
  2. М. Әуезов — дарынды тұлға.
  3. Спорт саңлақтарының жетістікке жету жолындағы қажырлы істері.
  4. Өнер тарландары.
  5. Ұлы суретшілер өмірінен. Леонардо да Винчи, Микеланджелло.
  6. Ұлы классик музыканттардың жетістікке жету жолындағы өмір іздері. Жетістік тұғырынан көрініп, табыстан табысқа жетіп жүрген кісіні жақсы танып, онымен бірге болған, бірге жұмыс істеген адам бақытты. Өйткені, жолбасшысы бар адам әрдайым жолын табады. Білікті адамдармен тығыз байланыс орнатып, олардың жиған-терген тәжірибесінен үлгі алудың өзі үлкен жетістіктің басы іспеттес.

Жетістікке жетуді үйренудің бір жолы өзіңе төмендегідей сұрақтар қойып, оған жауап іздеу болып табылады.

  1. Немен шұғылданамын?
  2. Өзімді-өзім бақылаймын ба?
  3. Істегендерім көңілімнен шыға ма?
  4. Қазір не үйреніп жүрмін?
  5. Білгім келген нәрсені іздестіремін бе?
  6. Жұмыс істеу қабілетім қандай?
  7. Білетіндерден сұраймын ба?
  8. Талдау жасай аламын ба?
  9. Тұжырым жасаймын ба?
  10. Кемшіліктерім қандай?
  11. Жетістікке жеттім бе?
  12. Жетістікке жету шарттарын орындаймын ба?

Жетістікке жетуді үйренген адам одан кейін жетістіктен қол үзбейтін болады.

Ең бастысы, жетістікке жетуді үйренуге болатынын біліп, алғашқы адымды аттай алу керек. Демек, жетістікке жету жолдарының ең бірінші қадамы — оны үйрену. Бұл қадамды аттай алған адамның өмірде үлкен оң өзгерістер көрері шүбәсіз.

Мен бастауыш сынып бірлестігінде осы мәселелерді қозғап, сыныптан тыс тәрбие сағаттарында, міндетті түрде осы мәселелер төңірегінде ой қозғау керек екендігін мұғалімдерге айтып, оқушыларды өзін-өзі жетілдірудің бірден-бір жолы-жетістікке жетуге ұмтылу екенін түсіндіремін. Міне, осындай жұмыс түрлерін жүргізе отырып, бастауыш сынып мұғалімдерінің мәртебесін көтеруімізге болады. Барлығы да мұғалімдердің іскерлігі мен білімі, ой ұшқырлығы мен біліктілігі арқылы жүзеге асады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. Қазақстан мектебі. — 2006. — 3
  2. Байғазиева Г. Педагогикалық технологияларды меңгеру — міндет Қазақстан мектебі. — 2006. — 1.
  3. О. Ефимова, В. Морозов, Ю. Шафрин, Курс компьютерной технологий (1,2-том)
  4. Мұхамеджанова А. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері. Қазақстан мектебі. — 2006. — 4
  5. І.П. Таубаева. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Монография. Алматы. Ғылым, 2001.

Аннотация

В данной работе даны рекомендации учителям начального обучения о том, как с помощью системы интернета и электронных учебников, обмена опыта между учителями, использующими в своей практике новые подходы к обучению,необходимые в работе. Данная работа окажет неоценимую помощь учителям в проведении уроков на современном уровне

Abstract

New methods of teaching are recommended in this work. Electronic books, new Internet technologies, the teachers’ change experience, used in their practice were suggested for teachers of primary education. This work will influence on tutors’ work to organize the lessons according to the modern level.



Каталог на Azion.kz

Азбука.kz


rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus

На главную
Вверх
© 2005–2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS