
|

|
|
|
|
|
» Главная
» Творческая мастерская
» Қазақ тілі
Омарова Г.С.
«әл-Фараби» мектеп-лицейі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттау
Ізденіс, мақсатты ізденіс оқушының жеке тұлғасын дамытады, әр түрлі мәселелерге бағыттаушылық, сыни көзқараспен қарауға, қоршаған айналадағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс пен одан туындайтын заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушыны ғылыми зерттеу жұмысына бағыттау — әрбір ұстаздың міндеті. Ал сол міндетті жүзеге асыру — ұстаз шеберлігінде.
Осы бағытты жүзеге асырудың алғы шарттары ретінде мыналарды атауға болады:
- Семинар, әдістемелік кеңестер арқылы мұғалім мен оқушыны ғылыми жұмыспен айналысуға итермелейтін ережелер дайындау.
- Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысына деген қабілетін ашу жүмыстарын жүргізу.
- Сабақ барысында сабақтың ғылымилығына назар аудару, соған орай тапсырмалар дайындау, т.б.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану оқушының ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын дамытуға, айғақтарды салыстыру арқылы талдау жасауға бағытталады. Осы бағыттағы тапсырмаларды орындау оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өзіне өзінің сенімін арттыруға өз пікірін дәлелдеуге, өзін ұстай білу мәдениетіне үйретеді.
Төменде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылған бірнеше тапсырма үлгілері берілді.
Тапсырма
Пән, тақырып |
Жұмыс түрі, мазмұны |
Өткізілу уақыты |
Күтілетін нәтиже |
| 1. Қазақ тілі (зат есім) |
Қалдық заттарды пайдалана аламыз ба?
Мазмұны:
Оқушыларға қолданыстан шыққан қалдық заттар беріледі. Қалдық заттарды сипаттайды, оны не үшін қолдануға болатындығына бірнеше нұсқаларды ұсынады. Мысалы, босаған сусын сырты
Қолдануға болады:
- қол жуғыш есебінде
- су құйғыш, т.б.
|
7-10 минут |
Оқушының сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамытады. |
| 2. Әдебиет (кез келген тақырыпта) |
Таны да баға бер
Мазмұны:
Бағдарлама бойынша берілген шығарма кейіпкерлерінің суреттері қырқылған түрде беріледі. (ақ қағазда) Сол қиындыларды жинастырып, шығарма кейіпкерін, шығарма атын, авторын табады. Сол суретті кейіпкер мінезіне қарай бояуы тиіс. Сосын қорғайды. |
10-15 минут |
Шығармашылық, ізденушілік, ойлау қабілеттері дамиды. |
| 3. Қазақ тілі, қазақ әдебиеті |
Сызықтардың мәнін түсіндіре аламыз ба?
Бірнеше сызықтардың, фигуралардың үлгісі беріледі, сол сызық үлгілеріне қарап теориялық мәлімет береді. ( қазақ тілі-құрмалас түрлері ) —
Шығарманың құрылысын баяндау (қазақ әдебиеті) |
5-7 минут |
Өз пікірін дәлелдеуге, ойын еркін айтуға үйренеді. |
| 3. Қазақ тілі (жалқы есімдер) |
Кісі есімінің жіктелімі
- кісі немесе жер-су аттарын таңдау;
- қойылу себебін анықтау;
- лақап ат қою;
- шын есім(ата) мен қосалқы аттың қолданылу аясын талдау;
|
10-15 минут |
Оқушының зерттеу қабілетін дамытады, салыстыру арқылы талдау жасауға бағыттайды. |
|

|
|
|
|
|
|
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
|
|
|
|