На главную
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Информация
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки


Каталог интернет-ресурсов СКО+


catalog.Azion.kz



Лента RSS
Поиск

» Главная » Методист—учителю » Воспитательная работа

Сынып сағатыңың тақырыбы «Қазақстан Республикасының Рәмiздерi»

Мақсат: Оқушылардың Мемлекеттiк рәмiздерiнiң мәнiн Қазақстанның әлеуметтiк-мәдени контекстi ретiнде ұғынуға жағдай жасау.

Мұғалiм: Құрметтi достар, сiздер, отанымыздың мемлекеттiк рәмiздерiмен таныс шығарсыздар. Бiздiң елтаңбамыздың, туымздың түрi қандай екенiн көрген шығарсыздар және Қазақстан Республикасының гимнiн де естiген шығарсыздар. Бiз бүгiн Отанымыздың рәмiздерiмен кеңiрек және нақтырақ танысамыз.

Рәмiздер — бұл адамға немесе бүкiл халыққа өте маңызды мағана беретiн шартты белгiлер немсе бейнелеулер. Рәмiздерге қарап бiз қандай мемелекет жөнiнде сөз болып жатқанын айта аламыз. Мысалы Париж рәмiзi -Эйфелев мұнарасы, жүз қабаттан астам үйлер, еркiндiк статуясы -бұл АҚШ-тiң рәмiздерi.

Қазақстанның қандай рәмiздерiн бiлесiңдер?

(оқушылар өздерiнiң сөздерiн айтады)

Мұғалiм: Шынында да, Қазақстанның рәмiздерi көп-бұл Медеу, Байтерек, Ахмет Яссауйдiң мавзолейi т.б. Бiрақ бұлардан басқа негiзгi маңызды рәмiздер де бар бұларды мемлекеттiк рмiздер деп атайды да, олар отанымыздың басты құжаты-конституцияда бекiтiлген. Айтыңдаршы Қандай рәмiздердi бiз мемлекеттiк рәмiздер деп атаймыз?

(оқушылар өздерiнiң ойларын айтады)

Мұғалiм: Дұрыс, кез — келген мемлекеттiн мемлекеттiк рәмiздерiне жататын-ту, елтаңба, гимн.

Әрине, бұл рәмiздер бiзге жақсы таныс. Қазақстанның туының түсi көк, ортасында күннiң шуағында ұшып кележатқан қыран құс. Тудың шетiнде қазақ халқының ою-өрнегi бар ; елтаңбамыздың ортасында шаңырақ, екi жағында қанатты тұлпарлар, дәл басында жұлдыз. Бiрақ, осындай белгiлердi алғаны нелiктен болғн екен?Бiздiң елтаңба, ту, гимн ненi бiлдiредi? Бәрiмiз осытуралы бiлемiз бе? Бүгiн мен сендерге осы қойылған сұрақтарға жауапты естерiңе түсiруге, ал кей бiреулерiңе бiлуге ұсынамын.

Қазiр бiз елтаңбадан бастаймыз. Елiмiздiң елтаңбасы туралы сөздi бастар алдында мен елтаңба деген сөз ненi бiлдiретiнiн және қашан пайда болғаны жөнiнде айтып кетейiн. Елтаңба деген сөз ежелгi қазақ рулары мен тайпаларынан қалған сөз. Әр рудың, әр жүздiң өздерiнiң басқа белгiлерге ұқсамайтын белгiлерi болған. Содан мемелекет құрылғасын бiрiңғай белгi пайда болды. Елтаңбаның орысша аудармасы герб оның мағанасы мұра, яғни атадан-балаға қалатын белгiлер. Елтаңбаның бейнесi монеталарда, мөрлерде, штамптарда, маркаларда қай мемелекетте шыққанын бiлдiру үшiн орналастырылады.

Ендi зейiндерiңдi мына тұрған партаға аударыңдар. Мұнда елтаңбаның әр элементi ненi сипаттайтыны түралы жазылған, құжаттар орналастырылған. Ендi мен сендерге 5 минут iшiнде осы құжаттармен танысып. Елтаңбамызда жасырылған информацияны ашулрыңды сұраймын.

(7 минут уақыт аралығында оқушылар тапсырманы орындайды)

Мұғалiм: Ендi сендердiң жасаған жұмысытарыңды қорытындылайық. Қазақстан Республикасының елтаңбасына қарап оның мағанысн барлығымыз түсiнiп көрейiк.

(Окшылар өздерiнiң ойларын айтады)

Мұғалiм: Ендi сiздердiң айтқандарыңды осы елтаңбаны ойлап шығарған авторларының берген мағынасымен салыстырайық.

Елтаңбаның негiзгi ойын бiлдiретiн орталық элементi — шаңырақ. Шаңырақ — отбасы ынтымағы мен тыныштығының нышаны. Асқар шеберлiкпен, әсерлi де әсем бейнеленген түндiк көгiлдiр, ашық аспан аясындағы жарқын күндi бiлдiредi. Елтаңбаның көгiлдiр кеңiстiгiнде ортасынана жан-жаққа тең таралған уықтар әлемдегi жылу мен тiршiлiк нышаны-күн сәулелерiн еске салады.

Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдiреуiштерi үш жүздiң мызғымас бiрлiгiн бiлдiредi. Елтаңбаның композициялық құрылымының келесi құрамды бөлiгi — аңыз әңгiмелердегi алтын қанатты, ай күресте арыстанның айбарын, қыранның қырағылығын,, орасан күш иесi бұқаның қуатын, елiктiң шапшаңдылығы мен жылдамдығы және қимыл көркемдiлiгiн, түлкiнiң айлакерлiгi мен тапқырлығын бiлдiредi.Әсем де мықты мүйiздерi жетi буыннан немесе бөлiктен тұрады.

Бұл буынның байланысы, олардың мызғымас бiрлiгi жетi атасын бiлмеудiң тексiздiк екенiн, есiмiзге салады. Тұлпардың алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрiнде бейнеленген, яғни ол еңбектiң, молшылықтың, байлықтың белгiсi. Елтаңбаның орта тұсында бес бұрышты жұлдыз, бар бұл бiздiң ақ жүрегiмiз бен құшағымыздың барлық бес континенттiң өкiлдерiне де айқара ашық екенiн бiлдiредi. Елтаңбамыздың реңдiк бейнесi алтын және көгiлдiр түстi. Алтын түс халықтарымыздың жарқын да, айқын болашағына сай келедi. Ал көгiлдiр аспан әлемнiң барша халықтарына ортақ.

Әр мемлекетте етаңбадан басқа тағы бiр рәмiз бар — бұл ту. Бiздiң Қазақстан Республикасының президентi отыратын Ақордамздың үстiнде күнi-түнi көк түстi байрағымыз желбiреп тұрады. Бұндай туды бiз әр басқару мекемелерi орналасқан ғимараттардың үстерiнде де көремiз.

Ал ендi жаңағы жасағандай құжаттарды қарасытырып туымызда жасырылған мағананы ашып көрейiк.

(оқушылар 5 мин дайындалып өздерiнiң ойларын айтады.)

Мұғалiм: ендi авторлар берген мағынамен салыстырайық.

Ендi мемлекеттiк туымыз бен қатар, балалар бiзде тағы үшту бар- бұл қарулы күштердiң тулары.

Өте жиi мерекелерде, демонстрацияларда немесе әскери парадтарда бiз гимндi тыңдаймыз. Осы гимн жүргенде барлық адамдар тұрып оң қоларымен сол жақ кеудесiн ұстап тұрады.

Ал қанеки мемлекеттiк гимн деген не?

(оқушылар өздерiнiң ойларын айтады.)

Мұғалiм: Гимн — бұл мерекелiк оқиғаларда орындалатын салтанатты ән. Әр мемлекетте өзiнiң гимнi болады. Гимн — бұл өзiнң елiне, өзiнiң мемлекетiне арналған ән, елтаңба мен, ту секiлдi мемлекеттiк рәмiз. Гимн бiздiң көп өкiлдi елдiң, татуластығының, берлiгiнiң даңқын шығаратын ән. Сондықтан гимннiң сөзi мен әнiне өте үлкен талар қойылады.Айтыңдаршы бiздiң қазiргi гимннiң сөзi мен әнiнiң авторы кiм?

(оқушылардың сұрақтары)

Мұғалiм: Бiздiң гимннiң әнiн жазға Шәмшi Қалдаяқов. Бұл ән ТМД-дағы Кеңес одағы кезiнде тұрған барлық адамдарға таныс. Гимн өз отаның үшiн мақтаныш.Сөзiн жазған Жүмекен Нәжмеденов. Ендi барлығыңды осы гимн жүргенде тұрып сол жақ кеуделерiңдi оң колымен ұстағандарыңды сұраймын.

Мұғалiм: Ендi қорытуға да сөз кезегi келдi. Бүгiн бiз мемлекеттiк рәмiздердiң мағынасымен толығырақ танысып өттiк Ендi менiң айтайфн дегенiм сiздер ешқашан осы отанымыздың азаматтары екендерiңдi ұмытпауға тырысасыңдар деп үмiттенемiн. Қайда жүрсеңдерде елiмiздi мақтаныш көрiп. Елiмздiң атын шақсы жақтарынан шығарасыңдар деп ойлаймын.

rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus


На главную
Карта сайта
Вверх
© 2005–2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS