На главную 
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Дистанционное обучение
12-летнее образование
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Этно- и поликультурное образование
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки
Заметки натуралиста


Каталог интернет-ресурсов СКО+

catalog.Azion.kz



Каталог на Azion.kz


Лента RSS
Поиск


» Главная » Методист—учителю » Библиотека

Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына арналған мерекелік кештің сценариі

Сәбит Мұқанов ол ХХ ғасырдың тұп-тура құрдасы. Неге десеңіз ол ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың дәл шекаралығында —1900 жылы туған. Сонымен жаңа ғасырдың құрдасы жас Сәбит жасында революцияны қарсы алып, сол жылы «Көңілім» атты тақырыпқа жазған тұңғыш өлеңін осы ұлы заман оқиғасына арнады.

    Бай мырзаға басыңды иіп жалынып,
    Төрелерге «құдайым» деп табынып,
    Ақысыз, пұлсыз, бір аяқ асқа жұмыс қып,
    Жүруші едің қысы-жазы сарылып.
      Қорек қылып қара нанның күйігін,
      Сусын қылып ащы іркіттің сұйығын.
      Бәйбішеден рұқсатсыз ауызға
      Салмаушы едің ірімшіктің түйірін.
    Көріп ылғи ауыр тұрмыс қиынын,
    Көк желке боп, салбырап екі иығың,
    Өмір бойы жүрсең-дағы құлдықта,
    Шығып көрген жоқ-ты сенің бүйірің.
      Өзің адам, тұрмысың да мал едің,
      Күшің адал, сүтің арам жан едің.
      Тырнағына жуандардың ілігіп,
      Азаттыққа өмірінше зар едің.
    Жерден таппай көктен тілек тіледің,
    Соққы көріп мұздай болды жүрегің,
    Басқа бақыт бұл жалғаннан таппастай
    Ермек болды қолыңдағы күрегің…
      Көп күресіп, бостандықты жасадық,
      Аянбадық көлеңкені таса қып,
      Енді еркінбіз, күн біздікі, күлеміз,
      Темір тордан күресумен босандық.
    Күш жоқ кезде күштілерден жасқандық,
    А, кедейлер! деп жүрмеңдер «бос қалдық».
    Еңбек етсең, білім, өнер сенікі,
    Өзіңе ие, міне саған бостандық!

Оның үстіне тағы бір тамаша ғажабы, С. Мұқановтың 1920 жылы Ленин партиясына қабылдануы, Қазақ Совет республикасының туған жылымен тұспа-тұс келуі. Туған республикасымен елу жылдан артық бірге жасасқан коммунист жазушы С. Мұқанов Социалистік Қазақстанның керемет гүлдеп өсуінің әрі куәсі, әрі жыршысы болды.

С. Мұқанов 1900 жылы 26 апрельде Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданында кедей шаруа семьясында туды. Әке, шешесінен жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарының қозысын, қойын бағумен өткізді. Өз талабымен жұлып-шалып хат танығанмен, Сәбит жүйелі білім ала алмады. 14—15 жасында ауылда жүріп өлең шығара бастайды. 1918 жылы жол түсіп алыстағы Омск қаласына барып мұғалімдер курсында оқуға мүмкіншілік туды.

1930—35 жылдары С. Мұқанов Москвадағы қызыл профессура институтында оқыды. Сөйтіп, ол жүйелі білім алуға кешігіп кіріссе де, есейген шағында көп нәрсеге қолы жетті-білім алды, дүние таныды, күресте, қызметте тәжірибесі жетіліп, творчествосының кең өріс алып дамуына жол ашылды. С. Мұқанов 1935 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болды, 1936—37, 1943—51 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының председателі болды. С. Мұқанов оқып жүрген кезінің өзінде көп жанрлы туындыларымен танылған болатын.

«Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» 1922, «Октябрь өткелдері» 1925, «Сұлушаш» 1928, «Майға сәлем» 1933, «Сөз советтік армия» 1934, «Ақ аю» 1935, секілді атаулық поэзиялық туындыларымен, «Ақбөпенің сыры» секілді повесі, «Адасқандар» 1931, «Ботагөз», «Теміртас» секілді романдарымен белгілі болып, көзге түскенді. Осы аталған елеулі шығармаларын С. Мұқанов өзінің 20-35 жасының арасында басаяғы 12 жылдың ішінде жазып үлгірген.

Жазушының қысқаша өмірбаянын көргеніміздей, байдың жалшысынан туған С. Мұқанов балалық, жеткіншектік шағында, тіпті жігіттік шағының бас кезінде шала сауатты болды. Бірақ ол кішкентайынан ақындық талабының ұшқындылығымен зейінділігімен назар аударады, халық поэзиясын жанындай жақсы көреді. 1928 жылы оның «Сұлушаш» атты өлеңмен жазылған романы жарық көрді. Шығарманың негізінде Сұлушаш пен Алтай туралы ертедегі хикая алынғанымен, жас ақын қазақ өмірінің ең маңызды, ең өткір мәселесі-әйелдерді күндіктен азат ету тақырыбын көтерді.

    Есіне түсіп барлық дос пен қасы,
    Сұлудың мөлтілдеді көзде жасы.
    Қыбырлар қызыл ерні тоңғандай боп,
    Қабақта қимылдады қара қасы.
    Әке де, шеше де жау, туған да жау,
    Бар сенгені Алтайдың қара басы.
      Неге екенін білмейді өзі-дағы,
      Әйтеуір ауды соған ықылысы.
      «Алтайжан қайтемін!» —деп құшақтады,
      Оралып мойынына жібек шашы.
      Алтайдың мына сөзге мұздап іші,
      Құбылып қырық түрленіп сұрша түсі,
      Аузына айтатұғын түк сөз түспей.
    Дей берді:
    «Құда болған қандай кісі?»
    «Ол атақты Байбосын, ұлы жүзде
    Билік құрып аюдай батқан тісі.
    Бүйтерім бар анадан неге тудым
    Құрысын бүйтіп көрген күнім менің!»
      — Еркежан, ұятты қой отыр енді,
      Бұйрық сол, тілдесер заман келді,
      Мынау сенің қосағың құдай қосқан
      Жолдасың көрсем дейтін көптен бергі», —
      Деді де Ырыстыға кездестіріп,
      Ақ үйден Айжан шығып жүре берді.
    «Мырзамыз» түк те жауап қата алмады,
    Амандыққа амандық қайтармады,
    Сұлудың мысы жеңіп, терлеп-тепшіп,
    Тым болмаса «кел» деп те айта алмады,
    Қасындағы жолдасы ұйқтаған боп,
    Сұлуды «қарашы!»… деп сайқалдады.
      «Келіп ем-деді сұлу, амандыққа,
      Мен адаммын, жаным сен қорықпа, бұқпа!
      Сен менің көрер жаным емес едің,
      Шет болмайын деп келдім аруаққа.
      Ең ақтық келген жолың осы болсын,
      Бұдан былай бұл жаққа жолға шықпа.
    Деді де есік жаққа жүре берді.
    Біреуі төр алдынан түрегелді
    Құшақтай ап сұлуды аш белінен, —
    «Жоқ, сайқал, ол қылығың болмайды!» деп,
    (қол бер дегеніне қараған жоқ).
    Төсекке сылқ еткізіп алып ұрды,
    Белі үзіліп көзінен жарқ етті
    Бас салды Ырысты да білегінен,
    Шынтақпен бір нұқыды жүрегінен.
      «Алтай-ау, тірімісің?! Қайдасың?» деп,
      Қысылып зарлы сұлу зорға алды дем.
      Оған жесір бермеуге теңгермеуге
      Үш жүзде де келмейді жанның күші. Байбосынның жұмсары кектескенге, —
      Шоқпарлы қол, сүйреген найза ұшы!»
    — Енді білдім, Сұлушаш, енді білдім!
    Қармағына түсіпсің мықты дүрдің,
    Ол қармақтан құтқарып алу үшін
    Қолынан не келеді мендей «құлдың»!
    Мен жанымды қиямын құтқаруға,
    Дерлік болсаң егер де, «көзді жұмдым!»
      — Алтайжан! —деді сұлу бір заманда, —
      Нелер мұңды өткен жоқ бұл жаһанда,
      Өкінгенмен өткен іс бұзылмайды,
      Оған кейіп, қажыма, назаланба!
      Кешетұғын өткел көп екені рас,
      Талай әлі қиындық жатыр алда
      Мен сендік! Сенер болсаң сырым осы,
      Қосылмасам санама тірі жанға.
    Күйеуді жұрттың түгел көріп бәрі, —
    Десіп отыр «мырзамыз мынау ма әлі?!
    Кей кегі бар жігіттер Сұлушашты
    «Мырзаңа болайын деп табалады
    Бұрынға от үстіне тағы от жағып,
    Сұлуды одан ары жаралады.
      Сұлудың бүгін жарға келген күні,
      Не жығып, не жығылып өлген күні,
      Келмеуге қанша белін буса–дағы,
      Көпшілік жалғыз жанды жеңген күні.
      Алтайдан басқа бір жан дос емесін
      Көзімен бүгін анық көрген күні.
    — Айжан-ай жандай көрген жеңгем едің,
    Саған мен жанашыр деп сенген едім,
    Өзің айтшы, алдыңда тілегің бар,
    Ойлашы, сол күйеу мен менің теңім.
      Сарт етіп сол уақытта ашылды есік,
      Қараңғы үйді көзі оқтай тесіп,
      Ілгері ұмтылды да Ырыстыны,
      Жонынан дыр қамшымен жіберді осып…

С. Мұқанов халық бақытына орай өмір мен өнерді сәтті сабақтастыра білген. Әдебиетіміздің ұзақ сапарында қаламын құрғатпай еселей-еселей үлес қосып өтті. Он алты томдыққа жазушының оқушыларға мейлінше танымал, әр кезде жарық көрген шығармалары еніп отыр. Оның «Сұлушаш», «Ботагөз», «Мөлдір махаббат», «Өмір мектебі» секілді таңдамалары қазақ әдебиетінің шетсіз жетістіктері болып танылады.

Туған Қазақстанда ғана емес, бүкіл Совет Одағында, тіпті Отаннан тыс жерлерде де халық С. Мұқановты қазақ совет әдебиеті негізін салушылардың бірі ретінде, ақын және прозаик, драматург және публицист, әдебиет сыншысы және зерттеушісі, қоғам және мемлекет қайраткері ретінде таныды, оның шығармаларын сүйіп оқыды, жоғары бағалады.


Каталог на Azion.kz

Азбука.kz


rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus

На главную
Вверх
© 2005–2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS