|
![]() |
||||
|
|
|
Судьба успеха
Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызы
СҚ педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтының тiл пәндерi кафедрасының меңгерушiсi, аға оқытушы Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызына. Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызы 1959 жылғы 4 желтоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысы Преснов ауданы Талпын ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Бiлiмi жоғары, 1986 жылы Қарағанды мемлекеттiк университетiн «Филолог. Оқытушы» мамандығы бойынша үздiк дипломмен бiтiрген. 1986-1997 жылдар аралығында Жамбыл ауданы Жаңажол орта мектебiнде қазақ тiлi мен әдебиетi пәнi бойынша ұстаздық қызмет атқарды. Осы уақыт аралығында Гүлдарай Құрмашқызы өзiн бiлiмдi де бiлiктi маман ретiнде таныта бiлдi. Мектепте драма үйiрмесiн ашып, сонымен қатар ауылдағы халық театрында көркемдiк жетекшi және режиссер қызметiн атқарды. Ауыл тұрғындары арасында ұлттық мәдениет пен әдебиеттi, ана тiлiн насихаттауда зор еңбек сiңiрдi. 1997 жылдан СҚ педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтында әдiскер, аға оқытушы қызметiн атқару барысында Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызы өзiн жақсы ұйымдастырушы, еңбекқор, iзденiмпаз, өз iсiне үлкен жауапкершiлiкпен қарайтын маман ретiнде танытты. Өз саласы бойынша бiлiм берудiң ғылыми-әдiстемелiк негiздерiн терең зерттеп, тәжiрибемен ұштастыруда үлкен жетiстiктерге жеттi. Гүлдарай Құрмашқызы кәсiби дамудың үлкен мектебiнен өттi. Бүгiнде ол Алматы мемлекеттiк университетiнiң iзденушiсi, 3 халықаралық, 5 республикалық, 2 аймақтық конференциялардың қатынасушысы, халықаралық RWCT жобасының оқыту семинарларының, тренингтерiнiң қатынасушысы, республикалық баспаларда 5 жарияланымның авторы.Кәсiби жетiстiктерi: Облыстық «Жыл мұғалiмi» байқауының I орын жеңiмпазы (1996 жыл). Омбы облысы, Семей қаласы бiлiктiлiк арттыру институттарының, республикалық бiлiктiлiк арттыру институтының шақыруымен авторлық курстар өткiзiп, өзiнiң терең бiлiмi мен жоғары кәсiби бiлiктiлiгiн облыстан тысқары жерлерде танытып жүр (2003, 2004 , 2007 ж.). Халықаралық RWCT жобасының тренерi ретiнде облысымызда бiлiм берудiң жаңа технологияларын кеңiнен насихаттап жүр. Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызы институт қабырғасында қызмет ете жүрiп, облысымызда мемлекеттiк тiлдiң дамуына зор үлес қосты. Гүлдарай Құрмашықызы мемлекеттiк тiлдi дамыту, ұлттық мәдениеттi насихаттау бағытындағы «Интеллектуалық турнир», «Мұрагер» атты авторлық жобалар жасап, жүзеге асыруда. 2007 жылдың қараша айында Республикалық бiлiктiлiк арттыру институтында өзiнiң әдiстемелiк жұмысы тәжiрибесiн презентациялап, тәжiрибесi республикалық деңгейде озық деп танылды. Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызы облыс ұстаздары арасында бiлiктi маман, елжанды азамат ретiнде зор құрметке ие. |
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||