|
![]() |
||||
|
|
|
Судьба успеха
Есiмова Дина Бозжiгiтқызы
Есiмова Дина Бозжiгiтқызы 1976 жылы 18 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Бiрлiк ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Бiлiмi жоғары, 1997 жылы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi» мамандығы бойынша бiтiрген. 2003 жылдан СҚ педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институтында әдiскер, аға оқытушы қызметiн атқару барысында Есiмова Дина Бозжiгiтқызы өзiн жақсы ұйымдастырушы, еңбекқор, iзденiмпаз, өз iсiне үлкен жауапкершiлiкпен қарайтын маман ретiнде танытты. Қазақ тiлi пәнi бойынша әдiскер ретiнде Дина Бозжiгiтқызы облыстың бiлiм беру саласында мемлекеттiк тiлдiң дамуына зор үлес қосып жүр. СҚ ПКБАИ-дың тiл пәндерi кабинетi қызметiнiң аясында тiлдердi дамытудың аналитикалық бағытын асқан бiлiктiлiкпен жүзеге асыруда. Дина Бозжiгiтқызы «Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiн оқытуда оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-әдiстемелiк iзденiс жүргiзiп жүр. Республикалық «Бiлiм берудiң менеджментi» журналында «Қазақ әдебиетiн оқытуда оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру» тақырыбында мақаласы жарияланды. Жергiлiктi баспаларда тiлдi дамытудың көкейкестi мәселелерiне қатысты мақалалары жарияланып тұрады. Дина Бозжiгiтқызы халықаралық RWCT жобасының қатынасушысы-2. 2008 жылы Бiлiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары бiлiктiлiгiн арттыратын республикалық институтта «PISA жобасы бойынша оқушылардың бiлiм алу жетiстiктерiнiң сапасын бағалау халықаралық зерттеу технологиясы» тақырыбында бiлiмiн көтердi. Халықаралық RWCT жобасы тренерiнiң ассистентi ретiнде облысымызда бiлiм берудiң жаңа технологияларын кеңiнен насихаттап жүр. |
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||