|
![]() |
||||
|
|
|
» Главная » Информация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақпараттық хатЫ. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Академия) және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Университет) республикалық математика пәні мұғалімдерінің І Съезіндегі ұсынымдарды іске асыру жоспарына сәйкес 2011 жылдың 28-29 қараша аралығында «Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика курсы мазмұнының сабақтастығы мәселелері» бойынша республикалық семинарын өткізеді. Семинардың мақсаты: орта мектеп пен жоғары оқу орнындағы математика курсының мазмұндық және әдістемелік сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау. Семинардың жұмыс бағыттары:
Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, республикалық ғылыми-практикалық орталықтардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, арнайы мамандандырылған мектептердің басшылары мен мұғалімдері қатысады. Семинардың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілдері. Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы, 13, конференц-зал. Семинар материалдары Академия мен Университеттің «Білім-Образование», «12 жылдық білім беру — 12-летнее образование» және «ҚазҰПУ Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналдарында жарияланатын болады. Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне төмендегі мекен-жай және байланыс жолдарымен хабарласуға болады: 1. Астана қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА. Тел: 87056130743; 87014189865; эл.пошта: t.esen.a@mail.ru 2. 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86. Абай атындағы ҚазҰПУ, физика-математика факультеті. Тел: 8 (727) 272-75-87, 261-75-87; факс: 8 (727) 272-75-87; эл.пошта: sh_shirin@mail.ru Семинар туралы толық ақпаратты www.nao.kz және www.kaznpu.kz. сайттарынан алуға болады. |
|
||
|
|||||
|
© 20052012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна |
|||||
|
|||||