2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152
2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын оқу әдебиетімен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесі 1-6-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков ) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Министр Ж. Түймебаев
Скачать 256K|
Веб-студия IVS Веб-студия IVS создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО. |