Информация / Северо-Казахстанский ИПК и ППК





2010 жылғы 09 сәуірдегі № 60

«2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

2010-2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуді оқу әдебиетімен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2010-2011 оқу жылында Білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген оқулықтар басылымдарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков ) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

Министр Ж. Түймебаев

Скачать Скачать 18K


 © 2005-2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна

Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS
Веб-студия IVS
Веб-студия IVS — создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО.