Информация / Северо-Казахстанский ИПК и ППК





XI облыстық Абай оқуларының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру және облыстың мектеп оқушыларын ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  1. мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау;
  2. жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
  3. оқушылардың Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілкке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Өткізген: Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы мен Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.

Өткізілген күні: 12 мамыр 2010 жыл

Өткізілген орны: Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.

Қатынасушылар: Омбы қаласының қонақтары, облыстың қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептердің, облыстық білім беру мекемелерінің 5-11-сынып оқушылары. Барлығы 13 аудан, Петропавл қаласы, Омбы қаласы қонақтары. Барлығы 47 оқушы, оның ішінде — қазақ тілінде білім беретін мектептерден 46 оқушы, орыс тілінде білім беретін мектептерден 1оқушы қатысты.

XI облыстық Абай оқуларының ашылу салтанаты мен байқауына қатысқан қонақтар: Нұрғалиева Рысжан Бекетқызы — Солтүстік Қазақстан Білім басқармасының бас маманы;

Қазылар алқасының құрамы: Тіл және әдебиет институтының оқытушылары, Петропавл қаласының қалалық классикалық гимназиясындағы «Абайтану» орталығының жетекшісі Шалабаев Қарақат Ысқақұлы, Сұлтанов Е.Р. — Тілдер басқармасының бас маманы; Айтбаев Ж.Х. — Музыкалық —эстетикалық бейімдегі балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты — өнер колледжінің оқытушысы; СҚ ПКБА ҚДИ оқытушылары.

XI облыстық Абай оқуларының ерекшелігі: Облысымызда Абай оқулары он бірінші рет өткізіліп отыр. XI облыстық Абай оқуларына Омбы қаласының қонақтары қатысып, өздері дайындап әкелген Абай өлендері мен әндерін орындады. Биылғы жылы XI облыстық Абай оқулары номинация бойынша бөлінбей, 3 номинация бір жерде өткізілді, бағалау жұмыстарына да өзгерістер енгізіліп,оқушы еңбектері ұпай санымен бағаланып, әр оқушының орташа ұпай саны бірден электрондық тақтада көрсетілді.

XI облыстық Абай оқулары 3 номинацияда өтті.

І номинация — «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»  — Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу байқауы.

ІІ номинация — «Көңілім әнді ұғады» — Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы.

ІІІ номинация — «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — жас дарындар байқауы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).

XI облыстық Абай оқулары жеңімпаздарының тізімі:

І номинация — «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша

Номинация жеңімпазы — Серкешов Ерлік Айыртау ауданы Қарақамыс орта мектебінің 10-сынып оқушысы

ІІ орын

  1. Серікбаева Дамира — Жамбыл ауданы Майбалық орта мектебінің 9-сынып оқушысы
  2. Исмағзамова Құндыз — Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебінің 7-сынып оқушысы

ІІІ орын

  1. Шериматова Бағила — М. Жұмабаев ауданы Булае № 4 орта мектебінің 8-сынып оқушысы
  2. Қарабатырова Данара — Мамлют ауданы Бостандық орта мектебінің 8-сынып оқушысы
  3. Мырзагелдина Дина — Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишим қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы

ІІ номинация — «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша

Номинация жеңімпазы — Бекішева Ләззат, Петропавл қаласы, қалалық классикалық гимназиясының 6-сынып оқушысы

ІІ орын

  1. Ивановская Валерия, Имансейітова Альбина — Тимирязев ауданы Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев мектеп-гимназиясының 9, 10-сынып оқушылары
  2. Бақытов Нұрболат — Ақжар ауданы Бестерек орта мектебінің 9-сынып оқушысы

ІІІ орын

  1. Самиғолла Рустам — Уалиханов ауданы Кішкенекөл № 2 орта мектебінің 8-сынып оқушысы
  2. Жангалова Вероника — Айыртау ауданы, Саумалкөл № 1 орта мектебінің 9-сынып оқушысы
  3. Слесарева Валентина — Аққайың ауданы Ленин орта мектебінің 11-сынып оқушысы

ІІІ номинация — «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша

Номинация жеңімпазы — Қоңқаев Мұхамед — Айыртау ауданы Дәуқара орта мектебінің 8-сынып оқушысы

ІІ орын

  1. Аманжолова Фарида — Тайынша ауданы Келлер орта мектебінің 6-сынып оқушысы
  2. Адильбеков Алтынбек — Мамлют ауданы Қазақ мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы

ІІІ орын

  1. Бекмағанбетова Балжан — Аққайың ауданы Қ. Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің 11-сынып оқушысы
  2. Молдахметова Айдана — Петропавл қаласы Қожаберегн жырау атындағы № 6 орта мектебінің 10–сынып оқушысы
  3. Оңғарбаева Гүлназ — Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның 8-сынып оқушысы

Облыстық Абай оқуларының Жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қазылар алқасының шешімімен Х республикалық Абай оқуларына төмендегі оқушыларды жіберу ұсынылды:

  1. Серкешов Ерлік Айыртау ауданы Қарақамыс орта мектебінің 10-сынып оқушысы
  2. Бекішева Ләззат, Петропавл қаласы, қалалық классикалық гимназиясының 6-сынып оқушысы
  3. Қоңқаев Мұхамед — Айыртау ауданы Дәуқара орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Жеңіс тұғырынан көрінгендер қыркүйек айында Абайдың туған жері — Жидебайға барып, біздің өңіріміздің намысын қорғайтын болады.


 © 2005-2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна

Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS
Веб-студия IVS
Веб-студия IVS — создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО.