На главную 
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Дистанционное обучение
12-летнее образование
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Этно- и поликультурное образование
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки
Заметки натуралиста


Каталог интернет-ресурсов СКО+

catalog.Azion.kz



Каталог на Azion.kz


Лента RSS
Поиск

» Главная » Информация



Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында XI облыстық Абай оқуларын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

1. Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін Абай оқулары байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • қазақ халқының ұлы перзенті Абай өлеңдерін жаттауды насихаттау;
  • жасөспірімдерді ұлы дана мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру;
  • Абай поэзиясына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

3. Байқауды өткізу кезеңдері:

    1 — кезең — мектепішілік — 12-17 сәуір 2010 жыл
    2 — кезең — аудандық (қалалық) — 22–28 сәуір 2010 жыл
    3 — кезең — облыстық — 12 мамыр 2010 жыл

4. Байқауға қатысушылар:

Байқауға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының 5–11 — сынып оқушылары қатыса алады. Аудандық (қалалық) байқауда әр номинация бойынша бірінші орын алған оқушылар байқаудың облыстық кезеңіне қатыса алады.(3 үміткерден) Облыстық байқауда бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатыса алады.

5. Байқау шарттары:

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі.

  1. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы». Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу байқауы.
  2. «Көңілім әнді ұғады». Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы.
  3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Жас дарындар байқауы. (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер)

6. Байқау жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Номинациялар бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын белгіленеді.

7. Байқау талаптары:

  1. Қатысушылар сөз мәнеріне, киім — киісіне, жүріс — тұрысына назар аудару қажет.
  2. Қатысушылар жатқа айтатын өлеңдер, орындалатын ән мен күйлер, жеке өзінің туындылары тізімін өтініммен бірге тапсырулары тиіс.
  3. Байқауға қатысуға өтінім 30 сәуірге дейін ПК БА ҚДИ-ға (315 каб.) тапсырылуы тиіс.
№ 
Қатысушының аты — жөні
Аудан(қала), мектебі
Сыныбы
Номинация
Мұғалімнің аты — жөні
           
           

Өткізілетін орны: СҚ ПКБА ҚДИ

Өткізілетін уақыты: 12 мамыр 2010 жыл

СҚ ПКБА ҚДИ директоры м.а. А.Қ. Қарабатырова



Азбука.kz


rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus

На главную
Вверх
© 2005–2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS