На главную 
Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Дистанционное обучение
12-летнее образование
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Этно- и поликультурное образование
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки
Заметки натуралиста


Каталог интернет-ресурсов СКО+

catalog.Azion.kz



Каталог на Azion.kz


Лента RSS
Поиск

» Главная » Информация



Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында I облыстық Махамбет оқуларын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

1. Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін Махамбет оқулары байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • қазақ халқының дауылпаз жыршысы Махамбет өлеңдерін жаттауды насихаттау;
  • жас ұрпақты өршіл ақын мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру;
  • Махамбет поэзиясына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас буынның тарихи танымдарын, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана — сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

3. Байқауды өткізу кезеңдері:

    1 — кезең — мектепішілік — 19-24 сәуір 2010 жыл
    2 — кезең — аудандық (қалалық) — 26-30 сәуір 2010 жыл
    3 — кезең — облыстық — 20 мамыр 2010 жыл

4. Байқауға қатысушылар:

Байқауға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының 5–11 — сынып оқушылары қатыса алады. Аудандық (қалалық) байқауда әр номинация бойынша бірінші орын алған оқушылар байқаудың облыстық кезеңіне қатыса алады.(3 үміткерден) Облыстық байқауда бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатыса алады.

5. Байқау шарттары:

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі.

  • «Мен — Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!». Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы.Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет.(ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады)
  • «Ұлы арман». Махамбеттің күйлерін орындаушылардың конкурсы.
  • «Тартынбай сөйлер асылмын…». Жас дарындар конкурсы. (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар)

    6. Байқау жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

    Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен марапатталады. Номинациялар бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын белгіленеді.

    7. Байқауға қатысуға өтінім 14 мамырға дейін ПК БА ҚДИ — ға (315 каб.) тапсырылуы тиіс.

    № 
    Қатысушының аты — жөні
    Аудан(қала), мектебі
    Сыныбы
    Номинация
    Мұғалімнің аты — жөні
               
               

    Өткізілетін орны: СҚ ПКБА ҚДИ

    Өткізілетін уақыты: 20 мамыр 2010 жыл

    СҚ ПКБА ҚДИ директоры м.а. А.Қ. Қарабатырова

    
  • Азбука.kz

    
    rss2email

    Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


    Система Orphus

    На главную
    Вверх
    © 2005–2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
    При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
    О проекте
        Разработка и сопровождение
    Веб-студия IVS