Информация / Северо-Казахстанский ИПК и ППК





Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында I облыстық Махамбет оқуларын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

1. Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін Махамбет оқулары байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

3. Байқауды өткізу кезеңдері:

4. Байқауға қатысушылар:

Байқауға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының 5–11 — сынып оқушылары қатыса алады. Аудандық (қалалық) байқауда әр номинация бойынша бірінші орын алған оқушылар байқаудың облыстық кезеңіне қатыса алады.(3 үміткерден) Облыстық байқауда бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатыса алады.

5. Байқау шарттары:

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі.

  • «Мен — Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!». Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы.Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет.(ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады)
  • «Ұлы арман». Махамбеттің күйлерін орындаушылардың конкурсы.
  • «Тартынбай сөйлер асылмын…». Жас дарындар конкурсы. (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар)

    6. Байқау жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

    Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен марапатталады. Номинациялар бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын белгіленеді.

    7. Байқауға қатысуға өтінім 14 мамырға дейін ПК БА ҚДИ — ға (315 каб.) тапсырылуы тиіс.

    № 
    Қатысушының аты — жөні
    Аудан(қала), мектебі
    Сыныбы
    Номинация
    Мұғалімнің аты — жөні
               
               

    Өткізілетін орны: СҚ ПКБА ҚДИ

    Өткізілетін уақыты: 20 мамыр 2010 жыл

    СҚ ПКБА ҚДИ директоры м.а. А.Қ. Қарабатырова


     © 2005-2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
    При использовании материалов ссылка на сайт обязательна

    Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS
    Веб-студия IVS
    Веб-студия IVS — создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО.