Информация / Северо-Казахстанский ИПК и ППК





Солтүстік Қазақстан облысы

«Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» математика бойынша декада Ақтөбе облысы делегациясының жалау-символын тапсыру салтанатымен басталды. Салтанат ағымдағы жылдың 2 ақпан күні Петропавл қаласы қазақ гимназиясының акт залында өтті.

Салтанатқа 300 оқушы, республикалық, халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары, ең үздік математика мұғалімдері мен оқытушылары, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары, аудандық, Петропавл қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинетінің меңгерушілері, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Ақтөбе облысының делегациясы:

  1. Ақтөбе қаласы № 27 көппрофильді орта мектебінің 11 сынып оқушысы Болатов Азамат
  2. Ақтөбе қаласы облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ғалымжан Серғазы
  3. Ақтөбе қаласы облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Құрманова Әсел
  4. Ақтөбе қаласы облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының мұғалімі Танатарова Ұштап Бақытқызы

«Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» декадасы ашылу салтанатының қатысушыларына Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы бастығының орынбасары Қаринова Шолпан Танатқызы құттықтау сөзін айтты. Ашылу салтанатында педагогикалық еңбек ардагерлері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары, халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары сөз сөйледі. Облыстың 23 оқушысы жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндер бойынша облыстық, республикалық, халықаралық олимпиададағы жеткен табысы үшін деген грамоталармен марапатталды.


Олар Петропавл қаласының оқушылары (Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей, Бірінші гимназия), облыстық білім мекемелері (Қазақ-түрік лицейі, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернаты, «ЛОРД» мектеп-лицейі). Ашылу салтанаты музыкадағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының оқушылары дайындаған концерттік бағдарламалармен өтті.

Біздің облыстың республикалық, халықаралық олимпиаданың негіздері:

  1. Бескөл ОМ 10 сынып оқушысы, оқу озаты, республикалық балалар ұйымының делегаты, облыстық ғылыми жобалар жарысының 1 орын жеңімпазы Дарья Мельникова.
  2. Жаутық атындағы математикалық олимпиадасының қатысушысы, «Дебат» клубының мүшесі, математика пәнінен аудандық олимпиадалар жүлдегері, Тайынша қаласы № 5 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Біржан Әбішев
  3. Бірінші жалпы білім беретін қалалық лицейдің 11 сынып оқушысы, Президенттік олипиада-2009 жүлдегері Ерлан Бәкіров
  4. 2008-2009 жылдардың ғылыми жобалар байқауының және «Кенгуру», «Ақбота» Халықаралық олимпиадаларының жүлдегері, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп–интернатының 11 сынып оқушысы Жалғас Тұғынов
  5. Бірінші жалпы білім беретін лицейдің мұғалімі Лариса Николаевна Батырева. Ол Ақтөбе облысы делегациясынан ХМО жалау-эстафетасын алды.

Декада барысында математикалық марафондар, сырттай олимпиадалар, математикалық газеттер байқауы, ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, сабақ-викториналар, сабақ-жарыстар, сабақ-саяхаттары өтті. Тақырыптық газеттер шықты, бұрыштамалар безендірілді: Ақпараттық, жаңа мектептің жетістігі және тағы басқа, онда 70 мың оқушы қатысты.


Қазақстандағы 51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға арналған «Алтын кілт» облыстық байқауы барысында жоғары кәсіптік деңгейде шығармашыл жұмыс істейтін мұғалімдер анықталды. Байқауға облыстың 10 ауданынан 24 мұғалім қатысты. Бірінші орынды Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің математика пәнінің мұғалімі Майстренко Оксана Васильевна иеленді, Қызылжар ауданының мұғалімдері екі екінші орын алып, Есіл ауданы екі үшінші орын алып, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан бір үшінші орын алып көзге түсті.

Екі кезеңде өткен сырттай математикалық олимпиадаға 10-11 сыныптың 500 оқушысы қатысты. Математика бойынша сырттай турнирдың лидерлары (Бірінші гимназия, «Дарын» мектеп-лицейі), Тайынша ауданы Тайынша қаласы.


Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының оқу орындары арасында «Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» математикалық декадасы қорытындыланды, декада жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының алғыс хаттарымен, дипломдармен, грамоталармен марапатталды. Білім саласының барлық бөлімдері математика бойынша облыстық декаданың белсенді өтуіне ат салысты. Облыстық іс-шараның өтуінде жоғары көрсеткіштерді Петропавл, Тайынша қалаларының, Қызылжар, Есіл, Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Жамбыл аудандарының мұғалімдері мен оқушылары көрсетті.

Облыстың халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарынан құрылған делегация ХМО жалау-эстафетасын ағымдағы жылдың 12  ақпан күні Ақмола облысына тапсырды.

Скачать Скачать 16K Смотреть Смотреть 77K

Солтүстік Қазақстан облысы «Қазақстан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» математика бойынша декаданың статистикасы


 © 2005-2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна

Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS
Веб-студия IVS
Веб-студия IVS — создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО.