Главная
Новости
История
Концепция
Структура
Основные направления деятельности
Методист-учителю
Центр по работе с одаренными детьми
Творческая мастерская
РИЦ «Логос СКО»
Нормативная база
Информация
Государственные закупки
Адрес
О проекте
Ссылки


Каталог интернет-ресурсов СКО+


catalog.Azion.kz


Каталог на Azion.kz

Лента RSS
Поиск

» Главная » Информация



«Мен — Қазақстанның азаматымын» оқушылардың азаматтық білімі бойынша облыстық байқауы туралы ереже

1. Жалпы ереже

Азаматтық білім идеясы азаматтық қоғам идеясы секілді ескі. Бұл идея қауып-қатерді тудыратын, сонымен қатар, қызметке ойландыратын, шақыратын қазіргі заман әлем жағдайында өте қажетті. Өз еліңнің экономикалық, саяси, әлеуметтік өміріне ену мен қатысуды білдіретін белсенді де жемісті азаматы болу үшін, бізден нені күтетінін, біз өмір сүретін ортаның қандай екенін, неге талпынуымыз керек екенін білуіміз керек. Азамат болу үшін өз құқықтары мен міндеттерін саналы және белсенді түсіну қажет. Бұл ереже «Мен — Қазақстанның азаматымын» Республикалық байқау-сайысының дәрежесін, мақсат, міндеттерін көрсетеді.

Ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым Министрлігі орта білім департаменті, облыстың білім басқармасы, білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып табылады. «Мен — Қазақстанның азаматымын» байқауы өз пікірін білдіре алу іскерлігінің қалыптасуына, сіз таңдаған мәселені шешуге қандай үкімет органдары уәкілді екенін анықтауға, үкімет органдарының шешіміне азаматтардың қалай әсер ететінін түсінуге әсер етеді.

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: облыстың орта жалпы білім беретін мектеп оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымы мен тұлғасын әлеуметтендіру мен қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік:

  • Қоғамтану мен азаматтану сабақтарында алынған теориялық білімдерді практикалық қызмет үрдісінде бекіту;
  • Ізденістің, ақпаратты өңдеу мен талдаудың жаңа түрлерін меңгеру;
  • Талдау дағдылары мен сын тұрғысынан ойлау дағдаларын дамыту.

Тәрбиелік:

  • Жастардың назарын жергілікті, аймақтық, республикалық деңгейлерде әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жолдарына аудару;
  • Жастарда азаматтық жауапкершілік сезімі мен өз қоғамдастықтарында әлеуметтік жағдайға қатысын қалыптастыру;
  • Жастарда өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық қатынас пен өкімет мекемелерімен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

3. Байқаудың қатысушылары

Байқауға облыстың өз аймағына, қаласына, қоғамның өмірін жақсартуға өз үлестерін қосуға ынталы жалпы білім беретін мектептердің, балалардың қосымша білім мекемелерінен, сонымен қатар, балалық және жастардың қоғамдық ұйымдарының 13-17 жастағы бір сыныптың 4-6 оқушысынан тұратын топтар қатысады.

4. Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі

4-6 оқушыдан тұратын команда 40 минуттың ішінде таныстыру (көрсету) бұрыш пен құжаттық бумадан тұратын Портфолионың ауызша тұсаукесерін жасайды, сонымен қатар, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру қажет. Байқау 2010 жылдың наурызынан мамырына дейін екі кезеңде екі тілде өтеді.

    Бірінші кезең (сырттай) — 2010 жылдың наурыз айында;
    Екінші кезең (облыстық) — 2010 жылдың мамыр айында СҚ ПКБА ҚДИ базасында өтеді.

5. Негізгі талаптар

Портфолио екі бөлімнен тұрады: таныстыру (көрсету) бұрыш пен құжаттық бума. Таныстыру (көрсету) бұрышы.

Бұрыш тығыз негізде өзара қосылған әрқайсысының ені 80 см, биіктігі 100 см болатын төрт плакаттық беттен тұрады. Төрт топтың әрқайсысының жұмысы төрт жармалық бұрыштың бір бетінде орналасуы қажет. Бұрышты үстелге қоя алатындай етіп жасау керек. Бұрыштың әр бөлігі топ қарастыратын мәселені, графикалық безендіруді, алынған ақпараттың дереккөздерінің тізімін көрсететін жазбаша дереккөздерді қамту қажет.

Құжаттық бума. Айтылған бума өткізілген зерттеуді айқын көрсететін материалдан тұру керек. Материал зерттеудің маңызды нәтижелерін көрсетуі тиіс. Бума әр бөлігі түсті қағазбен бөлінген, бір планшетте біріктірілген бес бөліктен тұрады. Біріктірілген материалдар барлық жоба бойынша ортақ тақырыпта және әр бөлігі бойынша бөлек тақырыпта болуы керек. Құжаттық бума зерттелетін мәселе бойынша дәлелдерді ұсыну үшін маңызды материалдардың көшірмесін қамту қажет. Портфолио құжаттық бумасының бесінші бөлігі жобаны орындау барысында сынып оқушыларының алған тәжірибесінің талдауы мен бағалауын қамту керек.

Құжаттық буманың қалыңдығы 5 см аспауы керек. Портфолионың әр бөлігін қорғау 4 мин. аспауы қажет. Қорғау демонстрациялық стенд пен құжаттық буманың материалдарына негізделуі тиіс. Ауызша қрғау кезінде қосымша материалдарды (бейнетаспалар, слайдтар, компьютерлік демонстрация мен т.б.) қолдануға болмайды. Портфолионың әр бөлігі бойынша қазылар алқасының сұрақтарына 6 мин. бөлінеді.

6. Байқаудың мазмұны

Портфолионың мазмұны құзыреттік амалдың толық жүзеге асырылуын, оқушылардың ізденушілік мәдениетінің іскерлігі мен амалдарының қалыптасуын, ақпарат дереккөздерімен жұмыс жасай алу іскерлігінің жетілуін, табиғат және әлеуметтік-мәдени ортаға байланысты әлеуметтік-жауапкершіліктің қалыптасуын, қоғамдық мәселелерді зерттеу мен туған өлке аймағын жақсарту қажеттілігінің дамуын көрсету керек.

7. Байқауды қорытындылау

Қазылар алқасы құрамына БҚБА және ҚДИ әдіскерлері, Петропавл қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары, Білім басқармасы мен Петропавл облысы бойынша балалардың құқығын қорғау бойынша Департаменттің қызметкерлері, мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық-саяси ұйымдарының өкілдері енеді. Байқау материалдары мен қатысушылардың сөздері келесі критерийлер бойынша бағаланады:

Ауызша тұсаукесер:

  • материалды меңгеру;
  • тақырыпты ашудың мазмұндылығы мен тереңдігі;
  • пайымдаудың ерекшелігі;
  • сөзінің дәлелдігі, анықтығы, бейнелілігі, сөздік қорының байлығы;
  • ой білдірудің қисындылығы мен бірізділігі.

Портфолио:

  • аяқталуы
  • анықтылығы (нақтылығы)
  • ақпараттылығы
  • негізділігі
  • графикалық безендірілуі
  • құжаттамалығы
  • заңдылығы
  • сендірерлігі
  • практикалық бағыттығы
  • талдау мен бағалау (қорытынды жасау)

Екінші кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталады. Басқа қатысушылар қатысушы дипломдарымен марапатталады.

rss2email

Новости официального сайта СКО ИПК и ППК


Система Orphus

На главную
Карта сайта
Вверх
© 2005—2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
О проекте
    Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS Разработка и сопровождение
Веб-студия IVS