Информация / Северо-Казахстанский ИПК и ППК





X облыстық Абай оқуларының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру және облыстың мектеп оқушыларын ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

Өткізген: Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы мен Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Өткізілген күні: 14 мамыр 2009 жыл

Өткізілген орны: Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Қатынасушылар: облыстың қазақ және орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің, облыстық білім беру мекемелерінің 5-11-сынып оқушылары. Барлығы 18 топ қатысты. Оның ішінде 13 аудан, Петропавл қаласы, Ә. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернат, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат, облыстық дарынды балаларға мамандандырылыған ЛОРД мектеп-лицейі, спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат. Барлығы 50 оқушы, оның ішінде — қазақ тілінде білім беретін мектептерден 38 оқушы, орыс тілінде білім беретін мектептерден 12 оқушы қатысты.

Х облыстық Абай оқуларының ашылу салтанаты мен байқауына қатысқан қонақтар:

  1. Таласпаева Жанар Серкешқызы — Тіл және әдебиет институтының директоры, доцент, филология ғылымдарының кандидаты;
  2. Оспанова Жазира Ерсайынқызы — Солтүстік Қазақстан Білім басқармасының бас маманы;
  3. Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызы — Петропавл қаласы қалалық классикалық гимназияның директоры;
  4. Шалабаев Қарақат Ысқақұлы — Петропавл қаласының қалалық классикалық гимназиясындағы «Абайтану» орталығының жетекшісі.

Қазылар алқасының құрамы: Тіл және әдебиет институтының оқытушылары, Петропавл қаласының қалалық классикалық гимназиясындағы «Абайтану» орталығының жетекшісі Шалабаев Қарақат Ысқақұлы, «Жас дарын» өнер мектебіндегі вокал сыныбының оқытушысы Красникова Ксения Сергеевна, СҚ ПКБА ҚДИ оқытушылары.

Х облыстық Абай оқуларының ерекшелігі: Облыстық Абай оқулары он жылдығы аталып өтті. Он жыл бойы Абай мұрасын насихаттауға зор үлес қосып, Абай оқуларының сапалы өтуіне көмек көрсетіп, бізбен бірге болып келе жатқан білім ұйымдары, тілдерді дамыту басқармасы, көпшілік ақпарат құралдары өкілдерін, яғни Абай мұрасының жанашырлары Құрмет грамотасымен марапатталды.

Олар:

  1. Тіл және әдебиет институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Таласпаева Жанар Серкешқызы
  2. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Құрманкина Назира Сапарқызы
  3. «Қызылжар-Ақпарат» медиахолдингісінің директоры Кәрібай Иманжанұлы Мұсырман
  4. Облысымызда Абай оқуларының негізін қалаушы Петропавл қаласы қалалық классикалық гимназияның директоры Қайнетова Гүлдарай Құрмашқызы
  5. Петропавл қаласының қалалық классикалық гимназиясындағы «Абайтану» орталығының жетекшісі Шалабаев Қарақат Ысқақұлы
  6. Тіл және әдебиет институтындағы филология кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Қадыров Жанбай Тұрарұлы
  7. Тіл және әдебиет институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Смағұлова Нұргүл Қайырбекқызы
  8. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы Тұяқова Фарида Мұқатайқызы
  9. 2000 жылғы республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Сәменова Әйгерімді, 2004 жылы номинация иегерлерін баптаған Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернаттың директоры Төкенова Күлжан Жұмашқызы
  10. 2002 жылғы республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Мұхамедиярова Диананы баптаған Шал ақын ауданы білім бөлімінің бастығы Амрина Роза Ғалымжанқызы
  11. 2004 жылғы республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Жаманқұлова Әселді, 2004, 2007, 2008 жылғы республикалық оқуларда номинация иегерлерін шығарған Петропавл қаласы білім бөлімінің бастығы Алтынбекова Гүлжан Қайырханқызы
  12. Петропавл қаласы білім бөлімінің бас маманы Кереева Сәуле Әбуқызы
  13. 2005, 2007 республикалық Абай оқуларында номинация иегерлерін баптаған Айыртау ауданы білім бөлімінің бастығы Қожанов Бағылан Кенжебайұлы.

— Қатысушылардың әрқайсысына Х Абай оқуларының қатысушысы куәлігін, яғни сертификаттар және атаулы оқудың эмблемасымен жасалып, жас достарға арналған тілек жазылған блокноттар құрметпен тапсырылды.

— Х республикалық Абай оқуларының қатысушыларына ақ тілегін 2008 жылғы республикалық Абай оқуларында «Талаппен терең бойлаған» номинациясының иегері Қалалық классикалық гимназиясының 10 — сынып Сәрсенова Әйгерім арнады.

— 3 номинация бойынша тақырыптық және «Он жылдық белес биігінен» тақырыбында стенд жасалды.

Х облыстық Абай оқулары 3 номинацияда өтті.

І номинация — «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»  — Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу байқауы.
ІІ номинация — «Көңілім әнді ұғады» — Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы.
ІІІ номинация — «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — жас дарындар байқауы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).

Х облыстық Абай оқулары жеңімпаздарының тізімі:

І номинация — «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша

Номинация жеңімпазы — Қалиева Гүлзада — Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің 9-сынып оқушысы

ІІ орын

  1. Нұрғалиев Мәди — Есіл ауданы Ақтас негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы
  2. Кенжаева Айнұр — Петропавл қаласы қалалық классикалық гимназияның 8-сынып оқушысы

ІІІ орын

  1. Ахметова Бекзат — Аққайың ауданы Аралағаш орта мектебінің 5-сынып оқушысы
  2. Қарабатырова Данара — Мамлют ауданы Бостандық орта мектебінің 8-сынып оқушысы
  3. Серкешов Ерлік — Айыртау ауданы Қарақамыс орта мектебінің 9-сынып оқушысы

ІІ номинация — «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша

Номинация жеңімпазы — Жанаев Бүркіт — Қызылжар ауданы Бескөл № 3 орта мектебінің 5-сынып оқушысы

ІІ орын

  1. Ивановская Валерия — Тимирязев ауданы Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы
  2. Айтмағамбетова Жанерке — Аққайың ауданы Смирнов № 3 орта мектебінің 10-сынып оқушысы

ІІІ орын

  1. Өмірсерікова Диляра — Тайынша ауданы Тайынша № 1 орта мектебінің 6-сынып оқушысы
  2. Данияров Әсет — Мағжан Жұмабаев ауданы Батыр Баян атындағы Булаев мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы
  3. Аюпова Балбота — Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернаттың 6-сынып оқушысы

ІІІ номинация — «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша

Номинация жеңімпазы — Шырынова Дина — Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы

ІІ орын

  1. Қоңқаев Мұхамед — Айыртау ауданы Дәуқара орта мектебінің 7-сынып оқушысы
  2. Әмзетегі Бекежан — Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистополье орта мектебінің 10-сынып оқушысы

ІІІ орын

  1. Жұпарбек Гүлнар — Тимирязев ауданы Белоградов орта мектебінің 9-сынып оқушысы
  2. Сайдалина Әсем — Петропавл қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жаныдағы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы
  3. Төлепбергенова Орынбасар — Есіл ауданы Мектеп негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы

Облыстық Абай оқуларының Жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, І орын жеңімпаздарының мұғалімдері мектеп оқушыларына Абай мен Шәкәрім шығармашылығын оқыту мен насихаттауда зор жетістіктерге жеткені үшін алғыс хатпен марпатталды. Олар:

  1. Сұңғатова Айжан Нәсиқызы — Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  2. Төлепбергенова Әсем Сайранқызы — Қызылжар ауданы Бескөл № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  3. Малдыбаева Әлия Ғалымқызы — Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Х облыстық Абай оқуларына сапалы дайындықпен келген Қызылжар, Айыртау, Аққайың, Есіл, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев, Тайынша, Мамлют, М. Жұмабаев аудандарын, Петропавл қаласын, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатын атап өтуге болады.

Қазылар алқасының шешімімен Х республикалық Абай оқуларына төмендегі оқушыларды жіберу ұсынылды:

  1. Қалиева Гүлзада — Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің 9-сынып оқушысы
  2. Жанаев Бүркіт — Қызылжар ауданы Бескөл № 3 орта мектебінің 5-сынып оқушысы
  3. Шырынова Дина — Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы

Жеңіс тұғырынан көрінгендер қыркүйек айында Абайдың туған жері — Жидебайға барып, біздің өңіріміздің намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарымызға республикалық Абай оқуларында табыс тілейміз. Х облыстық Абай оқуларының сапалы өтуіне үлес қосқаны үшін Петропавл қаласы қалалық классикалық гимназиясының ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Жақыпов Бағдат Ғалымжанұлына, Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің оқушысы Жүнісов Сәкенге, әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы Зикирина Әсемгүлге, қалалық классикалық гимназияның 5-сынып оқушылары Нұрмұқанов Абзал мен Калирева Жанарға, 6-сынып оқушысы Жақыпова Жұлдызайға алғысымызды білдіреміз.

Дайындаған: Есімова Д.Б.


 © 2005-2012 Северо-Казахстанский ИПК и ППК
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна

Разработка и  сопровождение сайта -- Веб-студия IVS
Веб-студия IVS
Веб-студия IVS — создание, сопровождение, продвижение и редизайн сайтов в г. Петропавловске и СКО.